16 ақпан
Виктор Михайлович Пигарев
туғанына 90 жыл
(1935 – 2018)
Виктор Михайлович Пигарев 1935 жылы 16 ақпанда Қостанай облысында дүниеге келген. 1960 жылы Пермь тау-кен институтын бітірген. Жолдама бойынша ССКӨК-ке келді. Сарыбай ӨБ-де тау-кен шебері, учаске бастығы, өндірістік бөлім бастығы, бас инженер болып жұмыс істеді.
1975 жылы Қара металлургия министрлігінің бұйрығы бойынша Қашар тау-кен-байыту комбинатының құрылысына бас инженер лауазымына жіберіледі. 1977 жылы Виктор Михайлович Қашар КБК-ның директоры болды. 1996 ол зейнеткерлікке шығып, Қашар кентінің әкімі болып тағайындалды.
Виктор Михайлович Пигарев Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған медальмен, I, II, III дәрежелі «Шахтер даңқы» белгілерімен және басқа да көптеген наградалармен, грамоталармен марапатталған.