Жастар және жастар оқуы күні «Жас болу – демек білімді болу!»

Жастар және жастар оқуы күні  «Жас болу – демек білімді болу№ 8 кітапхана филиалында 18 ақпан күні болып өтті.

2019 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің  бастамасымен Жастар жылы болып белгіленді. Бүгінде білімі жоқ адамды табысты адам деп айтуға болмайды. Кітапханалық іс-шара «Жас және білімді»  № 10 мектеп гимназиясының 10 сынып оқушылармен бірге өткізілді.

«Трендте бол – оқы!» – жастар оқуына арналған кітаптарға шолу осылай аталды. Өмірлік пәлсапалар мен ақиқат ісздеу ешкімді бей-жай қалдырмады. Дж. Селинджер «Над пропастью во ржи», С. Коллинз «Голодные игры», Л. Оливер «Прежде чем я упаду», Х. Хоссейни «Тысячи сияющих солнц», Э. Сиболд «Милые кости» – жүргізуші осы кітаптарға кеңінен тоқтала кеткенімен, оқылуы қажет және  мүмкін кітаптар тізімі жетерлік болды.

         Әдеби портрет «Мастер и его Маргарита» М. Булгаковтың шығармашылығына арналды. Айрықша құжатты кадрлар, фильмдерден үзінділер, замандастарды еске алу, «Мастер и Маргарита» кітабына буктрейлер  жасау – залда жұмбақ та құпия  атмосфера орнатты. Оқушылар Булгаков жайында  мектеп бағдарламасы ұсынғаннан да көбірек біліп және  оның шығармалары арқылы  кейіпкерлерді  ұнатып қалды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика