«Ұлы дала көрінісі…» «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясындағы көрме-вернисаж кітапхананың оқу залында. Көрменің «қазақ халқының тұрғын үйі мен тұрмысы», «Ұлттық киім мен әшекейлер» бөлімдерінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, Қазақ ұлттық киіз үйі мен оның бұйымдары, ұлттық тағамдар, киім мен зергерлік әшекейлер туралы иллюстрациялық материалдар мен әдебиеттер ұсынылған.