Daily Archives: 07.07.2026

Астана – елдің басты қаласы

Орталық қалалық кітапханада Юбилейный мектеп жанындағы лагерінің оқушыларына арналған «Астана – елдің басты қаласы» атты танымдық әңгіме-саяхат өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның елордасының қалыптасу тарихымен танысып, Астананың басты көрікті жерлері мен республика өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алды. Балалар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөлісті және елорданың көрікті орындарына қызықты танымдық саяхат жасады.

Яндекс.Метрика