Тілеп Аспантайұлының кесенесі

Тілеп Аспантайұлының кесенесі, Жанкелді ауданы, Қалам-Қарасу  ауылынан 35 километр  қашықтықта.

Тілеп Аспантайұлы  (1757-1820) Торғай  өңірінде  туып өсті.  13 жасынан  бастап ол қобызда ойнай бастады.  Тілеп Аспантайұлы  халық арасында белгілі сазгер атанып, қобыздың  көмегімен  адамдарды  емдей бастады. Біздің заманымызға оның тек үш күйі ғана сақталып  жеткен:  діни  мазмұндағы  шығармасы  «Аллам жар», өмірлік-пәлсапалық  туынды  «Толғау» және  шамандардың  ем-домда  қолданатын  «Бақсы» күйі. Бұл шығармалар  Қазақстан мәдениетінің алтын қорына енді. Оның бұл шығармиалары өзіне  музыканы  үйреткен мұғалімінің  қызы  Сарықызға  деген  махаббатына арналды.Қазір оларды түрлі  конкурстарда  орындалып  жатыр.Бізге  оның  қобызды қалай меңгергені  жайында түрлі аңыздар  жетті. Олардың бірінде  Тілеп  өзінің  Боз інген атты  түйесінде  кетіп  бара  жатады. Көктем мезгілі болатын. Ұлы Жыланшық  өзені  арнасынан  тасып,  екінші  жағаға шығу мүмкін емес еді. Қараса, өзеннің арғы  жағасында  той  болып жатты. Тілепті  көрген  адамдар  оған былай деп айқайлап  жатты:

– Құрметті Тілеп, біз сізді  өзеннің арнасы тасып жатқандықтан тойға шақыра алмадық, енді не істейміз?

– Ештеңе етпейді, – деп оларды музыкант  тыныштандырды. – Киіз үйді бөлек тігіңдер. Төрт жағынан  қазық қағып, оған, мықтап байлаңдар. Дастархан жайыңдар.

Адамдар Тілептің  айтқанын істеді. Осы уақытта ол қобызда ойнай бастады. Кенеттен жел тұрып, қара бұлт пайда болып, киіз үйді көтеріп  музыкантқа  әкеліп тастады. Ол тамақтанып алып, той иелеріне  рахмет айтып, қобыз  үнімен  киіз үйді өз орынына  апарып тастады.

ДРАЙВ

14 сәуір күні  Орталық қалалық кітапханада   «Шақырылған қонақ»  циклімен кездесу  болып өтті.  Іс-шара мақсаты: рудныйлықтарды  қаламыз  атымен  мақтанатын   белгілі  талантты  тұлғалармен  таныстыру.

Бұл жолы кітапхана қонағы  –  «Драйв» цирк  студиясының  жетекшісі, ерекше жанр  әртісі, әйелдер арасында  сирек  кездесетін амплуа – клоунесса  Надежда Шукрута  болды.

Көптеген  талантты  бойына сіңіре отырып(Надежда  театрда ойнайды, сценариилер  жазады, мерекелік кештерді, балалар мерекелері мен телевизиялық  бағдарламаларды  жүргізеді – бұл жұмыстардың  барлығында ол  өзін суда  жүзген  балықтай сезінеді),  өз өмірінің басты  ісі  цирк деп  ойлайды!

         Надежда Шукрута  16  жылдан  бері жетекшілік  ететін «Драйв»  студиясының  әртістері  – көптеген  конкурстар мен фестивальдардың,соның ішінде халықаралық  конкурстардың  цирк өнері бойынша жүлдегерлері. Оның өзі де  көптеген марапаттардың  иесі, ал ең бастысы –  көбіне көрермендер көзайымы.

2019 жылғы сәуір айының мерейгерлері

 

 27  сәуір

Бурцев Пётр Николаевич

Туғанына 60 жыл  (1959)

                                       Пётр Николаевич Бурцев  1959 жылы 27 сәуірде  дүниеге  келді. Мектепті бітірген соң ол  №1  техучилищеде  үлкен кәсіби шебер  Николай   Куприянович Манютиннен  білім алып, оның  мақтан  тұтарлық  электровоз  машинисті  болып  шықты. Ауғанстаннан  комбинаттағы  УГЖДТ өз орынына   оралған ол соғыстан  алған  зардабы  қайта  бой  көтергенше  өз орынында  еңбек  етті. Пётр Николаевич  осы себепті  өз жұмысынан  кетті. Пётр Николаевич Бурцев  «Шурави»  (ауғанша – «кеңестік» )   клубын  құрды. Ол жерде  техникалық шығармашылық  және  спорттық  үйірмелер  ұйымдастарды.   Үйірме бөлімдері уақыт  өте  тұрмыстық  техникалар мен  радиотелеаппаратураларды  жөндеу  бойынша  оқыту-өндірістік  шеберханасына  айналды, ал  «Ауған  және локалды  соғыс ардагерлерінің  одағы» ОО  клубының  өзін   қазір  Пётр Николаевич Бурцевтың  өзі  басқарады. Ол жерде  200 ден  астам  Ауған қатысушы  біріктірілегн.

Балалар кітаптарының апталығына іс-шаралар циклі

Балалар кітаптарының апталығына іс-шаралар циклі  «Айнала кітап!…»,  «Кітаппен бірге әлемді  ашамыз!» Балалар оқуы бағдарламасы аясында  Қашар кентінің  №11 кітапхана  филиалында өтті.

Мақсаты:оқуды  жақсы көруге тәрбиелеу, балалардың шығармашылық дамуына жағдай жасау; сөйлесу мәдениетіне тәрбиелеуді жүзеге асыру; оқымысты балаларды ынталандыру.

Балалар мен жасөспірімдер  кітаптары  апталағын  ашқан  «Айнала кітап!…»,  мерзімді басылымдар мен кітаптар  қопарылысы сыйлаған балалар әдебиеті – бұл жақсылықтың теңізі.

Кітап бетіндегі және экрандағы  кейіпкерлермен  кездесу  орыс жазушылырының  мерейгер  кітаптарынан  құралған  кітаптар  дефилесінен   басталды:«Судьба барабанщика» А. Гайдар, «Денискины рассказы» В. Драгунский, «Дикая собака Динго или Повесть о первой любви» Р.Фраерман, «Будьте готовы, Ваше Высочество!» Л. Кассил, «Динка» В. Осеевой, «Тополиная рубашка» В. Крапивин және  «Три толстяка»Ю. Олешидің  роман ертегісі.

         Іс-шара қонақтары  «Судьба барабанщика» кітабы бойынша буктрейлер  тамашалады; «Денискиных рассказов» сахналастырылды; мұрагер ханзаданың роліне  кірді, «Будьте готовы, Ваше Высочество!»  фильмінен үзінді  дауыстады;  «Дикая собака Динго»  повесть  кейіпкерлерімен бірге  қынжылды;  «Три толстяка»  ертегісі  бойынша «Имена»  ойынын ойнады. Керемет  қошеметпен зал кітапты дефиле  қатысушыларын  шығарып салды.