14 ақпан –Халықаралық кітап сыйлау күні

Қашар кентіндегі №11 кітапхана филиалы бұл мерекеде  кітапхана қабырғасында  ең белсенді кітап сыйлаушылар мен кітап сүйгіштерді  жинауды  дәстүрге айналдырған!

«Оқу күні, сыйлау күні!» – буккроссинг  көрмесі, әрбір келуші бұл күні «Оқырман қалауы»  клубына сыйланған  кітаптар ішінен  өзі қалаған кітапты  сыйға ала алады. Олардың арасында түрлі жанрдағы  жаңалықтар,сонымен қатар жаңадан шығып, оқырман сүйіспеншілігіне  бөленіп үлгерген авторлар да бар.

«Оқу күні, сыйлау күні!» оқырмандар кітапханаға сыйланған кітап жайында айтты.

Жыл бойы кітапханада  «Кітап арқылы қайырымдылық пен жақсылыққа!»  оқырмандық  кітап сыйлау акциясы өткізіледі, ал «Оқырман қалауы»  буккросинг – клубында өзара  кітап алмасып, оны кітапханаға  қалдырып  кететін 187 қатысушы бар. Қазір бұл қорда   жоғары сұранысқа ие 300 ден астам кітап бар.

Астапенко В.М., Уразов Б.У., Гришин В.Д., Трефилов З.И., Истомина Н.А., Шпилькова Л.К., Лир Л.Н., Лядовской Л.Н., Косачёва А.Я.,  Мергалиева  К. М., Токарева Л.А., кітап сыйлаушылар және оқырмандар, жыл сайынғы  акция қатысушыларына:  «Танысыңыз, кітапхана!»  буклеті, кітапхананың  визиттік карточкалары табыс етіліп, кітапхана жұмысшылары атынан  алғыс білдірілді.

Бұл күні көрмені 48 адам тамашалап, 11 дана кітап сыйға тапсырылды!

«Қарсы қадам»

Жаңа 2020 жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер  жылы деп хабарлады.

ҚР еріктілер қатарына 50 мыңнан астам адам тартылған, 200 ден аса еріктілер ұжымы жұмыс жасайды.

Рудный қаласы тұрғындарының  жалпы санының  21% жастар құраған кезде, еріктілер штабы жұмыс істейді.

25  ақпан күні  Орталық қалалық кітапханада «Жастарға жастар жайында» жобасы циклінде Рудный политехникалық колледжінің студенттерімен «Қарсы қадам» еріктілер штабының жетекшісі Мария  Зюванова кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мария балаларға еріктілер ұжымының жұмысы жайында, ұзақ мерзімді  жобалары туралы әңгімелеп, өздерінің  болашақтағы  жоспарларымен  бөлісті.  Сұхбат қызықты өтті (жастар аса қызығушылықпен  тыңдады)! Ерекше үлгідегі  сұрақтар  қойылды: Бүгінгі күні штаб құрамында қанша адам бар? Сіздің ұйымыңыздың мүшелерінің жастары қаншада? Кәдімгі өмірде немен айналысасыз? Сізге еріктілікпен айналысуға не түрткі болды? Сіздің штаб мүшелеріңіздің қандай қасиеттері болуы керек? Қалай ерікті болуға болады? және т.б.

Кездесу еріктілер жайындағы фильммен сүйемелденді. Іс-шара соңында қатысушыларға  Еріктілер жылына арнап кітапхана жұмысшылары дайындаған буклеттер таратылды.

Тарихи саяхат циклі

«Қазақ хандығы: тарихи дәстүрдің бөлігі»  (құрылғанына 555 жыл) «Бәйтерек» журналының беттеріне  тарихи саяхат «Тарихпен дауласпайды, тарихпен өмір сүреді»Рудныйдың ОКЖ» ММ Қашар кентіндегі  №11  кітапхана филиалында 2020 жылдың 12 ақпанында өткізіліп, оған №1,№2, орта мектептерінің  жоғары сынып оқушылар қатысты.

«Бізге бүгінімді түсініп, ертеңімізді болжау үшін өткен шаққа  көз салуымызқажет».-Н.А.Назарбаев
Қазақ Хандығының  құрылуын Алтын Орда, Ақ Орда, Мағұлыстан сияқты мемлекеттерінің құрылу тарихы жалғастырды.Оның  пайда болуы Керей мен Жәнібектің атына  байланысты, және дәл сол кезеңдегі «Қазақ» этнонимі замандастар санасына енді.  «Бәйтерек» журналының дискуссиялық  клубының  материалдары бойынша -«Орталық Азиядағы бірінші ұлтты мемлекет», «Нысанды білім беру көздері», «Шығысқа саяхат, немесе еуропалықтардың көздерімен Қазақ хандығы» оқушылар Ұлы дала халықтары үшін ауытқымалы және драмалық болған, қазақ зиялыларының эпистолярлық зерттеулерімен, сол кезеңдердегі Қазақ даласын зерттеушілер және еуропалық саяхатшылары куәлік еткен Қазақ хандығының  құрылу кезеңдерімен танысты. Іс-шара барысында Рүстем Әбдіраштың  «Золотой трон»  филімінен  үзінді  қаралды, тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаевтың қазақ мемлекетінің даму тарихында  жарқын ізі қалған Қазақ Хандығының 550 жылдығы  қарсаңында Хандарға  арналып шығарылған «Қазақ хандығы» тарихи танымдық кітабы ұсынылды.

          19 ақпан күні №2 орта мектебі  кітапханасының  оқу залында   Бөгенбай, Бердіқожа, Сары Қасболатұлы  батырларға арналған  «Ұлы даланың Ұлы атаулары» арнайы жобасы аясында «Тарихпен дауласпайды, тарихпен өмір сүреді…» -«Батырлар туралы әңгіме…» атты тарихи  саяхат  болып өтіп, орта буындағы оқушылар,Қазақстан тарихын оқытушылар, сынып жетекшілер  қатысты.

Мультимедиялы таныстырылым көмегімен батырлар ерлігі және өмірімен таныстырылды. Бөгенбай батырдың атақты дулығасы,Бердіқожаның кесенесі,  Сары Қасаболатұлының  ерлігі жайында   бейнеүзік көрсетілді. Есенбаева Гүлзат, Энгельсова Гаухар, Жұмалиева Айнұрлардың  орындауында  батырлар ерлігі  жайында өлеңдер оқылды.

Іс-шара мақсаты – патриоттыққа тәрбиелеу, ел тарихына деген құрметпен қарау; Қазақ хандығы жайында  және қазақ батырлары  туралы білімді  қалыптастыру, олардың ерлігі мен батырлығына  деген қызығушылықты арттыру.

ӘулиеТүркібай атаның мазары

Наурызым ауданы Өлеңді ауылының  жанында  Түркібай ата әулиеснің  моласы бар. Ол 19 ғасырдың басында емші болып танылды.  Түркібайдың  әкесі Ақан да көріпкелдік  дарынымен халық арасында  кеңінен танылған еді, оның  өткір жанары 30-40 шақырым  қашықтықтағы  болып жатқан  оқиғаларды  дәл айтып отыратын.      Ал оның анасы  Үкі, Тастемір  әулиенің қызы, Қоянақ әулиенің  әкесі  Жолшарының  туған  апасы  болды.

Бір күні Жолшара әулие  өз қарындасы Үкіні  көріп кету үшін Ақан ауылына ат басын бұрды. Оның күйеуі Ақан дастархан басында отырып  олардың  болашағы  жайында  білгісі келіп ұлдарын дастархан басына  шақырды. Өзінің үлкен жиені  Шегенбайдың  еңбексүйгіш, байсалды болатынын айтты. Жеті жасар Түркебайдың басынан  сыйпап  отырып, Жолшара әулие оның ерекше дарынды, бүкіл қазақ халқына белгілі тұлға болатындығын меңзеді. Уақыт өте бойында құбылыстар болатынын, абайлау керек екендігін жеткізді. Түркібайдың  арқасы ұстаған кезде оның түсіне ақ киімді  кісі кірді. Ол баланың көзіне қарап, басын сипап, аяғы мен қолын   байлаудан шешті. Көрінген бене лезде жоғалып, Түркібай  құлан таза айығып тұрды. Содан бері өзінің ерекше тылсым күшімен Түркібай  адамдарды  емдеп  бастады.

Бір күні оған  замандасы  Жансегір Жаменкеұлы Бұқарадан  оралмай жатқан  ұлы жайында хабар білгісі  келіп  жүгінді. Ұлын сағынған саудагердің шешесі  көз жасын тия алмай жүрген еді. Ол кездері  саудагерлердің жолы бірнеше жылдарға созылатын. Түркібай: «Бүгін сен менің үйімде қонақ бол, ал ертең белгілі болады» деді. Таңертең шәй үстінде: «Ұлыңның дені сау, барлық малын сатып, қажетті заттарын сатып алған. Бүгін ол бір зат алып, оны басына кигені сол еді, жел ұшырып әкетті.Оның бар жоғалтқаны сол. Жақында оралады.» деді. Расында,жігіт көп ұзамай ауылына дін аман оралды.Жансегір ұлына әулиенің батасын алу үшін ұлын ертіп әкелді. Тамақтанып болған соң Түркібай ата: «Бәйбіше бас киімді әкелші».Бәйбіше жігітке айтылған болжам кезіндегі  бас киімді әкеліп береді.

Дала аңызы сабағы «Махаббат пен сенімділік ескерткіші»

2020 жыл – XIII ғасырдағы «Қозы Көрпеш и Баян Сұлу  лиро-эпостық  поэмасының қазақ тілінен орыс тіліне аударылғанына  155-жыл.

«Дала фольклоры мен әуендеріне мыңдаған жылдар» арнайы жобасы  аясында Б.Майлин атындағы №7 гимназиясының 7 «Ә» сыныбымен өз еліміздің  салт-дәстүрін, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтар мен құрмет туындату мақсатында, №13 кітапхана филиалының  кітапханашысы Абитова Гаухар 12 ақпан күні дала аңыздары бойынша  мемлекеттік тілдегі «Махаббат пен сенімділік ескерткіші» сағатын  өткізді.

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» аңызы – бұл қазақ халқының мыңдаған  жылдар тарихы бар  рухани мұрасы. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық аңызы, сүйіспеншілік пен достық,адалдық пен сезім, адамгершілік жайында сыр шертеді. Бұның айғағы ретінде, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу тарихы  жоғары әрі терең махаббаттың  белгісі  болып табылады.

Іс-шара барысында балалар шығармадан үзінді оқыды. Дала аңызы сабағында махаббат жайындағы аңызға айналған поэмадан шағын сахналандыру көрсетілді. Іс-шара соңында кітапханашы Искандирова Шолпан дайындаған «Махаббат пен сенімділік ескерткіші» тақырыптық бейнеролигі  көрсетілді.

Дәл осындай іс-шаралардан жастар ұлттық дәстүрді құрметтеуді және сақтауды, бабалар мұрасын бағалауды үйренеді, бұл дәстүрлер – ұрпақты ұрпаққа жалғастырып тұратын арқау.

 

 

 №13 кітапхана филиалының меңгерушісі

КуреноваВиктория

«Жаңа заманға – жаңа мамандықтар»

7 ақпанда  ОБК оқу залында   № 10 мектеп – гимназияның  7 «В» сынып окушылар үшін  «Жаңа заманға – жаңа мамандықтар»  тақырыбы бойынша  іс – шара өткізілді.

«Кім болып жұмыс істейсін?» бұл бірінші сұрақ емес, таныстыру үстінде адамдарды шығару. Тіпті балаларды қызықтыру: «Сенің әке мен шешен кім», өйткені тиісті мамандары –әрбір адамның мәнді сипаттарынының бірі.

Мыңдаған мамандар бар. Сонын біреуін тандау, оның ішінде саған ең жақын жақсы  сай келетін  маман? Олардың санын барынша көп таныстыруға тырысу. Осы кездесуде балаларды тіс емдеу  мамандығымен  таныстырылды.

2020 жылғы ақпан айының мерейгерлері

16  ақпан

Пигарев Виктор Михайлович

Туғанына 85 жыл

 

Виктор Михайлович Пигарев 1935 жылы  16 ақпанда Қостанай облысында дүниеге келді.  1960 жылы Пермск тау кен  институтын бітірді. Жолдамамен ССКӨБ  жұмыс істеуге келді. Сарбай КБ  тау кен шебірі болып, бөлім бастығы,өндірістік бөлімнің бастығы, бас инженер болып жұмыс істеді.

1975 жылы қара металлургия  Министрінің  бұйрығымен Қашар кен байыту комбинатының құрылысына бас инженер қызметіне  тағайындалды. 1977 жылы Виктор Михайлович Қашар КБК директоры болды.1996 жылы зейнетке шығып Қашар кентінің әкімі болып сайланды.

Виктор Михайлович Пигарев Қазан  революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі»  ордендерімен, В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған медальмен, «Шахтер даңқы» I, II, III дәрежелі  төсбелгілерімен және көптеген марапаттар, мақтау  қағаздарымен  марапатталды.

 

2020 жылғы ақпан айының мерейгерлері

ақпан

Куликова Галина Георгиевна

Туғанына 80 жыл

 

Томск университетін  химия мамандығы бойынша тәмамдаған Галина Георгиевна екі жыл Томскідегі ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. Аспирантураны бітірген соң сол университеттің аналитикалық химия  кафедрасына жіберілді.

70-жылдардың басында  Галина Георгиевна Рудныйға келіп РИИ де пайдалы қазбаларды байыту және химия  кафедрасының  аға оқытушысы болып жұмысқа  орналысты. Көп ұзамай ол  доцент атағын алды, тау кен факультетінің деканы  болып тағайындалды. 1982 жылы РИИ ректоры К. К. Карибаев Куликоваға оқыту жұмыстары бойынша проректор қызметін ұсынды. Галина Георгиевна Қазақстандағы  техникалық жоғары оқу орындарындағы  алғаш  әйел проректор болды. Оның шаршамайтын жаңашыл  рухани дүниесі  РИИ дің Лисаковскідегі қашықтықтан  оқыту  факультетін ашуға ат салысты.

Өмір өтіп жатты. Галина Георгиевна Куликова прфессор атағын алды, Халықаралық өмір қауіпсіздігі және  экология академиясының корреспондент мүшесі  болып сайланды, ҚР білім саласының  Құрметті атағына  ие, Рудный қаласының құрметті азаматы.

2020 жылғы ақпан айының мерейгерлері

ақпан

Кожамкулов Доспол Токанович

Туғанына 90 жыл

 

   Доспол Кожамкулов  бала  шағынан  жұмыс істеп  бастады, соғыс жылдары 11 жасар  бала  заготконторға  астық тасыды, өзі қатарлы балалардың  арасында бригадир болды. 1955 жылы Доспол Токанович Алматы  тау кен институтын бітіріп, жаңадан құрылып жатқан ССКӨБ келуге бел байлады, өйткені оның ата-бабалары Тобыл жағасын мекендеп, 20-жылдары репрессияға  ұшырап, Семей  облысына  ауыстырылған еді.

Кожамкулов жұмысын тау шебері болып бастап, кейін ауысым бастығы, одан соң Соколов кен орынында бас инженер болды. 60 жылдары Лисаковск және Қашар Кен байыту комбинаты салынып басталды. Доспол Токановичке Қашар кен байыту басқармасының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы қызметі ұсынылды, кейін ол бас инженердің орынбасары болып тағайындалды.