«Қарсы қадам»

Жаңа 2020 жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер  жылы деп хабарлады.

ҚР еріктілер қатарына 50 мыңнан астам адам тартылған, 200 ден аса еріктілер ұжымы жұмыс жасайды.

Рудный қаласы тұрғындарының  жалпы санының  21% жастар құраған кезде, еріктілер штабы жұмыс істейді.

25  ақпан күні  Орталық қалалық кітапханада «Жастарға жастар жайында» жобасы циклінде Рудный политехникалық колледжінің студенттерімен «Қарсы қадам» еріктілер штабының жетекшісі Мария  Зюванова кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мария балаларға еріктілер ұжымының жұмысы жайында, ұзақ мерзімді  жобалары туралы әңгімелеп, өздерінің  болашақтағы  жоспарларымен  бөлісті.  Сұхбат қызықты өтті (жастар аса қызығушылықпен  тыңдады)! Ерекше үлгідегі  сұрақтар  қойылды: Бүгінгі күні штаб құрамында қанша адам бар? Сіздің ұйымыңыздың мүшелерінің жастары қаншада? Кәдімгі өмірде немен айналысасыз? Сізге еріктілікпен айналысуға не түрткі болды? Сіздің штаб мүшелеріңіздің қандай қасиеттері болуы керек? Қалай ерікті болуға болады? және т.б.

Кездесу еріктілер жайындағы фильммен сүйемелденді. Іс-шара соңында қатысушыларға  Еріктілер жылына арнап кітапхана жұмысшылары дайындаған буклеттер таратылды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика