2020 жылғы наурыз айының мерейгерлері

29  наурыз

Курило Иван Кириллович

Туғанына 105 жыл

 

    Иван Кириллович Курило 1915 жылдың  29 наурызында Харьков облысының  Черкасские Тишки Липецк ауданында дүниеге келді. Рудныйда  ол өз қызметін   1955 жылы  жоспарлау бөлімінің  бастығы қызметінен бастап, 1956 жылы «Горжилстрой» ҚБ басқарды.

Иван Кириллович құрылыстың түрлі әдістерін дайындап шығарды, оның бастамасымен қаламызда көгалдандыру бөлімі ашылды.   1960 жылы «Промстрой материалы» бастығы болды, ал 1962 жылы  «Кустанайсельстрой-14» трестінің бастығы қызметін атқарды. Өз өмірінің соңы 1987 жылдың 14 қаңтарына дейін  ол қоғамдық жұмыстармен айналысты.

Иван Кириллович Курило «Ленин орденімен», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен және мақатау қағаздарымен  марапатталды, «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

 

2020 жылғы наурыз айының мерейгерлері

25  наурыз

Губин Алексей Сергеевич

Туғанына 95 жыл

 

    Алексей Сергеевич Губин 1925 жылдың  25 наурызында Қостанай облысы Затобол ауданы  Сергеевка ауылында дүниеге келді.  II-Белорусс  майданында 700-  гвардиялық артиллериялық  полкында, 322- атыс полкында  қызмет етіп,взвод командирінің көмекшісі,бөлім командирі болды. Алексей Сергеевич үш рет жараланды. Қызыл ту орденімен, «Шайқас үшін», «Кавказды  қорғағаны үшін», «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысында Германия түбіндегі  жеңісі үшін»  медалдарымен марапатталды.

2020 жылғы наурыз айының мерейгерлері

20  наурыз

Торунов Виктор Иванович

Туғанына 80 жыл

 

    Виктор Иванович Торунов – талантты суретші және  педагог. Ол Нижегородск өлкесінде шаруа отбасында дүниеге келді. Мектеп бітірген соң көркемсурет  училищесіне оқуға түсіп, кейін Ярославта  жұмыс істеді.  1960 жылы Рудныйға келіп «Строитель» Мәдениет үйіне  суретші-безендіруші болып жұмысқа орналасты.

1963 жылы қалада алғашқы  Пионерлер үйінен бейнелеу студиясын  ашты, 1979 жылы Рудныйда Виктор Иванович 18 жыл директор қызметін атқарған көркемсурет  мектебі ашылды. Ол 1996 жылы Рудный педагогикалық колледжіндегі көркем-сызу бөлімінің ашылуын қолдап, сол жерде сабақ берді.  2000 жылы Виктор Иванович Торуновтың 20 жұмысы-портреттері, пейзаждары, натюрморттары  ұсынылған алғашқы жеке көрмесі ашылды. Виктор Иванович   2013 жылы қайтыс болды.

 

 

 

 

2020 жылғы наурыз айының мерейгерлері

14  наурыз

Писарева Зоя Степановна

Туғанына 85 жыл

 

    1952 жылы  Зоя Степановна  Викторовск орта мектебін тәмамдап, Магнитогорск  мемлекеттік педагогикалық институтының  филология факультетіне оқуға түсті. 1956 жылы  институтты бітірген соң оны Александровск орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы етіп жіберді, көп ұзамай Алеексеевск  орта мектебінің директоры болып тағайындалды.

1963 Алексеевк ауылы  Рудный қаласы әкімшілігінің қарамағына берілді. Дәл осы кезде  № 14 орта мектеп салынып жатқан еді, педагогикалық ұжым Зоя Степановнаға сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы қызметін ұсынды, ал 1973 жылы ол мектеп директоры болып тағайындалды.Писарева Зоя Степановнаның бастамасымен № 14 мектеп карбышев бағытына бет бұрды:  Д. М. Карбышев мұражайы  ашылып, оның өмірі мен қызметі жайында  материалдар жинақталды, мектепке Д. М. Карбышев есімі берілді, оқу орынының  ауласына  Карбышев  бюсті  қойылды, кадет сыныптары пайда болды. Зейнетке шықса да орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруді жалғастырды, мұражай жұмысын ұйымдастыруға көмектесті.

Ұзақ жылдардағы еңбегі үшін  «РСФСР халық ағарту ісінің үздігі», «СССР ағартушылық ісінің үздігі», Еңбек Қызыл Ту ордені, «Ресей инженерлік әскеріне үш жүз он жыл» медалі, «Кеңес одағының маршалы Г. К. Жуков» медалі, Ресей қорғаныс министрінің әскери инженерінің  құрмет қағазымен,  «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі табыстары және  «Юные карбышевцы» қозғалысын дамытқаны үшін  мақтау қағаздарымен марапатталды. 2013 жылы  Зоя Степановна Писарева дүниеден өтті.

 

 

2020 жылғы наурыз айының мерейгерлері

10  наурыз

Литвинов Алексей Степанович

Туғанына 95 жыл

 

Алексей Степанович Литвинов украинадан қоныс аударған көпбалалы отбасында дүниеге келді. Соғыс жылдарында он жеті жасында әскер қатарына алынып, қарулы атқыштар авиатехникумында қызмет етті. Алексей Степанович старшина болды,  Дальний портын азат етуде және жапон әскерлерінің ерлік күресінде Хинган арқылы  ерлік  ұшуға  қатысты. Соғыс аяқталса да ол ұзақ жылдар бойы әскерде  қызмет етті. «За отвагу» және  «За боевые заслуги»  медальдарымен марапатталды.

1951 жылы 26  жастағы старшина Литвинов Соколов геологиялық іздестіру партиясына бұрғылаушы болып жұмысқа орналасты. Оны тез арада аға жұмысшы етіп, кейін- бұрғылау шебері етіп ауыстырды. Ары қарай –  Свердловск таукен институтында  аға шеберлер курсынан өтті.

Партияға оралған соң  Литвиновты  жаңадан басталған Сарбай карьеріне суасты  бұрғысына жіберді. Бұл жерде оған кен орынының бастығы Н. Е. Галыгиннің көзі түсіп экскаваторда жұмыс істеуге шақырды. Алексей Степанович  ЭКГ-8, ЭКГ-8И  экскаваторлар  экипажын басқарды. Одан өзге үнемі кәсіподақ мүшесі, комбинат парткомына, қалалық комсомолдар комитетіне  сайланып отырды.

Сарбайда  Литвинов  28 жыл  жұмыс істеп, оның бесеуін  зейнет жасына толғаннан кейін жалғастырды.Зейнетке шықса да ол қоғамдық қызметтерді атқара отырып, ардагерлер кеңесінде жұмыс істеді.

 

2020 жылғы наурыз айының мерейгерлері

6 наурыз

Дмитриева Лариса Геннадьевна

туғанына 55 жыл

 

Лариса Геннадьевна Дмитриева  1965 жылы 6 наурызда Таран ауданы Тобыл станциясында дүниеге келді. Балалық шағын Лисаковск қаласында өткізіп, көркемсурет мектебінде оқыды, кейін Пензадағы К.А.Савицкий  атындағы көркемсурет  училищесінің  бейнелеу өнері бөліміне оқуға түсті.  1989 жылдан  Лариса Геннадьевна Рудный қаласында жасайды және балалар көркемсурет мектебінде жұмыс істейді.

Лариса Геннадьевна облыстық және қалалық көрмелерге белсене қатысты: облыстық «Оқушы және  педагог» көрмесі (1993), Крупская атындағы кітапханада өткен қалалық көрме (1994), қалалық  мұражайдағы «Шеттен көзқарас» (2001), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған облыстық көрме (2001), Челябі қаласының облыстық көрмесі (2004).

Суретші бәрін бейнелей алады: аңдар, портреттер, пейзаждар. Лариса Дмитриеваның картиналары өте  жеңіл қабылданады, ал олардың берер сезімі өте ерекше. Оларда  күрделі  философиялық ештеңе жоқ, өйткені  суретші бізді қоршаған әлемнің өзі философия деп есептейді.

Лариса Геннадьевна Дмитриеваға «Рудный қаласының шығармашыл жастар  сыйлығының лауреаты» (1995)  атағы  берілді, ол Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі.2002 жылы білім беру саласында  айрықша еңбегі үшін Лариса Геннадьевна  «ҚР білім саласының құрметті қызметкері»  төсбелгісімен  және ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.