4 сәуір күні Рудный қаласының орталық балалар кітапханасында V қалалық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Конкурс «Рухани жаңғыру» бағдарламасыныңаясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай Бүкіләлемдік кітап күні мен авторлық құқық күніне арналып өтті. Әділқазылар назарына қазақстандық жазушылардың прозалары ұсынылды. Конкурсқа №7, №14, №15, №19 орта мектептері және Қашар кентінің №2 орта мектебінің жас көркемсөз шеберлері қатысты. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде прозплық шығармаларды оқып шықты.
№19 орта мектебінің оқушысы Салиева Ұлдана Сакен Есенгелдиевтың шығармаларынан «Жетім қыздың монологы» үзіндісін оқып, сайыс жеңімпазы атанды. Жеңіске жеткен қатысушы 2018 жылдың 20 сәуірінде облыс орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтетін финалдық сайыста бақ сынасады.
Екінші орынды иеленген №19 мектеп оқушысы Абраманова Акмарал, Н.А. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабынан үзінді оқып шықты.
Ал үшінші орын әділ қазылар алқасының назарына М.Мағауиннің «Бір әкенің балалары» шығармасын ұсынған №14 мектеп оқушысы Полякова Александраға тиесілі болды.
Төрт сайыскерге өздерінің конкурсқа жақсы дайындықпен келіп өнерлерін паш еткендіктері үшін: «Мұра», «Әртістік шеберлігі», «Үздік бейне», «Айрықша таңдау» атты номинациялар үлестірілді.
Конкурсқа қатысқан балалардың ешқайсысы да назардан тыс қалған жоқ. Барлық оқушылар мақтау қағазадары, сыйлықтар және өз қарсыластары мен әділқазылар алқасының алдында үлкен тәжірибеге ие болды.
Орталық балалар кітапханасының жұмысшылары конкурсқа барлық балаларды жоғары деңгейде дайындатқандары үшін мектеп мұғалімдеріне, және оларға қолдау көрсеткен ата-аналары мен қатысушыларға үлкен алғыстарын білдіреді.
Балалармен жұмыс бойынша директор орынбасары : Ибжар Г.Ж.