27 сәуір Қазақстан халықтарының бірлігі күнінде, № 8 кітапхана филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен досыма қонаққа барамын» этнографиялық экспедиция болып өтті.
Іс-шараға №10 мектеп гимназиясының 6 «в» сыныбының оқушылары қатысты.
Аталмыш іс-шара мақсаты – балаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен таныстыру, өз халқының салты мен дәстүрін сақтай білу қандай маңызды екендігін көрсету.
Жүргізуші Қазақстанда жасап жатқан түрлі ұлт өкілдеріне тоқталып өтті – қазақтар, орыстар, немістер мен кәрістер, оқушылар дәл осыларда қонақта болды.
Әрбір халық өзінің салт-дәстүрлерімен ерекшеленеді.
«Қазақ үйінде» «қырқынан шығару» салтын тамашалап, «орыс үйінде» – ағаш қасықтармен «Во саду ли в огороде» әуенін ойнады, «неміс үйінде» 20 ғасырдың бас кезіндегі Омбыдағы немістердің тұрмыстық техникаларымен танысты, «кәріс үйінде» балалар көптеген қызықты ақпараттарға қол жеткізді.
Іс-шара соңында балалар кітапхананың көпұлтты кітапханашыларының дайындаған дастарханынан шәй ішті. Қазақ бауырсағы, орыс құймағы, неміс кухенінен дәм татты!