Алдын алу сабағы «Абайлаңыз! Секталар!»

№ 6 кітапхана филиалында жастар мен  жасөспірімдерді  әртүрлі өмір сынақтары мен қиыншылықтардың  алдын алуға дайындайтын  іс-шаралар өтеді.

       Секталардың  алдын алу үшін,  экстремизмді  топтардың белгілері мен негізгі мақсаттарын  білу,  діни экстремизм мен лаңкестіктің  пайда болу және таралу  себептері туралы  «Абайлаңыз! Секталаралдын-ала ескерту сабағы  №18 мектебінің 10 сынып  оқушыларына  арналып 16 мамыр күні  өткізілді. 

Үйрету, сақтандыру, кеңес беру, жастарға  шындық пен қиялдың айырмашылығын үйрету үшін – Рудный қалалық  жастар ресурсты  орталығының  директоры  Айбар Ануарбекович және  юрист Дамир Темирбекович  келді.

Дәлірек айтсақ,  жасөспірімдер – азаматтық  сақтық,  кенеттен  болған оқиғада өзін қалай ұстау, лаңкестік  көшбасшылардың  насихатына  берілмеу  туралы  үйреніп, сонымен қатар   бүгінгі  күннің экстремисттерінің  бейнесін сомадауға  тырысты.

Сондай – ақ, жүргізуші  лаңкестік  қауіптің деңгейі  Қазақстанда  сары, қызғылт  және  қызыл  түске  бөлінетініне  тоқталып өтті. Кеш қонақтары  Қазақстан  үшін  қандай діндердің  дәстүрлі емес  екенін, олардың  елдегі  әрекетінің белсенділігі жайында, республикамыздағы  террорлық іс-әрекеттер, Қазақстанда  діни экстремизмнің  алдын алу шараларының  әдістері мен бағыттары   жайында  әңгімелесті. Өйткені  эсктремист топтардың  әрекеттері  тек қана  мемлекет институттарына ғана емес,  әрбі тұлғаның  жеке басына  да қауіпті.

Іс-шара  ұйымдастырушылары  басқа ұлт өкілдерін жек көрушілік  танытқан  адамдар  мен  өзге де  саяси сөзқарастағы адамдар  ортасында  қарым-қатынасқа сақ болу керек екендігі жайында  тілге  тиек етті. ,

Актуалды және мазмұнды сұхбат  «Назар аударыңыз! Секталар осылай  арбайды  слайдымен және  бейнероликпен  сүйемелденді.

23 адам қатысты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика