Ежелден келе жатқан Екідің ауылы

Қостанай облысының сакральды картасына енген келесі ескерткішбұл ежелден келе жатқан Екідің ауылы  (Сарыторғай ауылдық округының орталығы)

Жаңа нысаналардан өзге, Қостанай облысында табиғат байлықтарының маржандары және өз қуатымен ерекшеленетін  тарихи ескерткіштер  жетерлік. Облыстық  тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерінің айтуынша,олардың үлкен бөлігі облыстың  оңтүстік бөлігіндегі Амангелді ауданында орналасқан.

Тарихи  ескерткіштердің  бірі Амангелді ауданындағы ежелгі Екідің ауылы. Ауылға атау беріп тұрған Исламға дейінгі уақытта жабайы тас үлгісіндегі  екі  дің.

Академик  Марғұланның пікірі бойынша  Қазақстан  аймағында  дәл осындай  әйгілі «үйтас»  немесе «дің»  атаулары  сирек  кездеседі,  ежелгі  үлгідегі қазақ  баспаналары  «шошалы» үлгісінде  жасалған,  діни  мазмұнға  ие. Тұспалданған  мерзімі –  ертедегі  темір ғасыры.Жергілікті аңыздарға сүйенсек,17-18 ғасырларда діңдер  орналасқан  жазық  далада  қан төгіс  ірі  майдан  болған.  Дәл осы жерде  әскербасылар  жайғастырылған.

Екідін 1 Қара – торғай өзенінің сол жағалауында орналасқан, Екідін  2 – жоғарырақта, алыстан  мен мұндалап көз тартады.Уақыт өте тастар бұзыла бастады және  1980 жылдары жергілікті тұрғындар  қаражат жинап құрдымға айналып бара жатқан діңдерді  қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Ал қазір, жергілікті тұрғындардың біргелікте жұмыс жасағанының арқасында және өлкетану мұражай қызметкерлерімен біргелікте, тарихи және саяси оқиғаларға байланысты маңызы бар, Қазақстан халқының есінде қалатын және жаңару мен ынтымақтың  ұлтты нақышына айналған  тағы бір  көрнекті мекеніміз бар.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика