«Киелі жерге тағзым – ұрпаққа ұлағат»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекеттік тілдегі кітапханада   №15 мектебінің 7 сынып  оқушыларына арналып  Қостанай облысының сакралды орындарымен таныстыру, туған өлке мен өз елінің тарихына деген құрмет туғызу, патриоттыққа тәрбиелеу  мақсатында «Киелі жерге тағзым – ұрпаққа ұлағат» атты тарих сағаты өтті.

Оқушылар  Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды орын алатын  ерекше орындар туралы назар қоя тыңдады. Тарихи – мәдени мұра және  ұлттық бірліктің  нышанына  айналған – Айша Бибі, Ыбырай Алтынсарин (ұстаз және ағартушының жерленген жеріне қойылған ескерткіш, Қостанай қаласынан 7 км қашықтықта Тобыл өзенінің  оң  жағалауында), Міржақып  Дулатов кесенелері, Қазақстанның ірі Торғай  геолглифтері және т.б. дайындалған  ақпараттар беріліп, қатысушылар викториналарға  белсенді түрде қатысып отырды.

Іс-шара  тақырыпқа  сай видео және слайдтармен сүйемелденіп, кітап көрмесі ұсынылды.

Іс-шараға  15 адам қатысты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика