«Татыр шайқасы» ескерткіші

«Татыр шайқасы» ескерткіші, Жанкелді ауданы, Арқалық Торғай   тас жолының бойында, Тауыш  ауылынан 3 км  қашықтықта.

Ескерткіш  атауы  әлдеқашан  құрғап кеткен  көлдің  құрметіне  берілген. Ескерткіште  Татыр өзенінің  бойында  Аманкелді Имановтың қолбасшылық  таланты айқындала түскен шайқастың  уақытын көрсетіп тұрған  «1916» саны айқын көрінеді. Ол  1916 жылғы көтерілістің қолбасшысы болды. Көтеріліске себеп  патшаның қазақтың  ер адамдарын  тың жұмыстарына  шақырту жарлығы болды.Жасақ жию астық жинау және  малдарды қыстауға  дайындау   кезінде, астық дайындау  кезінде  өткізілді.Еңбекке жарамды  барлық еркек  қауымын шақырту онсыз да  қоныс аударушылардың  жарамсыз етіп тастаған   жерінің  берекесін кетіріп,  қазақ  шаруасының экономикасына  зиянын  тигізді.Қалған  қазақтар  1916-1917 жылдары  түгелдей  аштықтан  қырылып жатты.

1916 жылдың  қазанында Торғай және Ырғыз уезінен  әрқайсысында 2-3 мың адамнан  бар  20 отрядь жасақталды. 1916  жылдың 21 қазанында  4 мың  көтерілісші  Аманкелді  Имановтың басшылығымен Татыр өзенінің бойында  казак жүзбасыларымен және  полицей отрядымен  шайқасты. Өзен жағасын қаулай өскен ну қамыстың қалыңдығы   сарбаздардың  күтпеген жағдайларға  торуыл жасауына, ұрыстың  өз пайдаларына  шешілуіне  жақсы әсерін тигізді.

Көтерілісші қазақтар үшін  бұл жеңіс  тек әскери жоспарда ғана маңызды болып қойған жоқ. Оның маңызы  моралды – психологиялық және  әлеуметтік-саяси астарында жатыр. Бұл шайқас жайындағы хабар  бүкіл  қазақ  даласына  тарап, халық арасында Аманкелді Иманов пен 1916  жылғы  шайқаста  ерлік  көрсеткен оның  жасақшыларының  мәртебесін  асыра  түсті. Татыр  өзеніндегі  шайқас, оның  сәтті  аяқталуы  халықтың  көзқарасын кеңейтіп, ұлтазаттық  көтерілістердің  ауқымдануына  әкеліп соғып, бүкіл Қазақстанды қамтыды.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика