2019 жылғы сәуір айының мерейгерлері

 

 27  сәуір

Бурцев Пётр Николаевич

Туғанына 60 жыл  (1959)

                                       Пётр Николаевич Бурцев  1959 жылы 27 сәуірде  дүниеге  келді. Мектепті бітірген соң ол  №1  техучилищеде  үлкен кәсіби шебер  Николай   Куприянович Манютиннен  білім алып, оның  мақтан  тұтарлық  электровоз  машинисті  болып  шықты. Ауғанстаннан  комбинаттағы  УГЖДТ өз орынына   оралған ол соғыстан  алған  зардабы  қайта  бой  көтергенше  өз орынында  еңбек  етті. Пётр Николаевич  осы себепті  өз жұмысынан  кетті. Пётр Николаевич Бурцев  «Шурави»  (ауғанша – «кеңестік» )   клубын  құрды. Ол жерде  техникалық шығармашылық  және  спорттық  үйірмелер  ұйымдастарды.   Үйірме бөлімдері уақыт  өте  тұрмыстық  техникалар мен  радиотелеаппаратураларды  жөндеу  бойынша  оқыту-өндірістік  шеберханасына  айналды, ал  «Ауған  және локалды  соғыс ардагерлерінің  одағы» ОО  клубының  өзін   қазір  Пётр Николаевич Бурцевтың  өзі  басқарады. Ол жерде  200 ден  астам  Ауған қатысушы  біріктірілегн.

«Ауған  және локалды  соғыс ардагерлерінің  одағы» ОО  ұйымы  жастар арасындағы  қоғамдық – тәрбиелік  жұмысын  кеңейте  түсуде. Олардың  көмегімен  мұражайда  Ауғанда  қайтыс  болған  рудныйлықтар  жайында  естелік  экспозициялар  жасалған. Сонымен қатар олар  мұражай  жанындағы  аллеяда  Ауған  қатысушыларына  арнап  ескерткіш  тас орнатқан. Қаражаттың  жетіспеушілігіне  байланысты ескерткіш ретінде  өздері  соғысқан  машиналарының (БМП)  мүсінін  ғана  қоя  алды. 2000 жылдың 6 қазанында    мыңдаған  рудныйлықтар  қатысқан  митинг  ауған  соғысына  қатысып қаза  болғандардың   рухына  арналды.

Leave a Reply