Тілеп Аспантайұлының кесенесі

Тілеп Аспантайұлының кесенесі, Жанкелді ауданы, Қалам-Қарасу  ауылынан 35 километр  қашықтықта.

Тілеп Аспантайұлы  (1757-1820) Торғай  өңірінде  туып өсті.  13 жасынан  бастап ол қобызда ойнай бастады.  Тілеп Аспантайұлы  халық арасында белгілі сазгер атанып, қобыздың  көмегімен  адамдарды  емдей бастады. Біздің заманымызға оның тек үш күйі ғана сақталып  жеткен:  діни  мазмұндағы  шығармасы  «Аллам жар», өмірлік-пәлсапалық  туынды  «Толғау» және  шамандардың  ем-домда  қолданатын  «Бақсы» күйі. Бұл шығармалар  Қазақстан мәдениетінің алтын қорына енді. Оның бұл шығармиалары өзіне  музыканы  үйреткен мұғалімінің  қызы  Сарықызға  деген  махаббатына арналды.Қазір оларды түрлі  конкурстарда  орындалып  жатыр.Бізге  оның  қобызды қалай меңгергені  жайында түрлі аңыздар  жетті. Олардың бірінде  Тілеп  өзінің  Боз інген атты  түйесінде  кетіп  бара  жатады. Көктем мезгілі болатын. Ұлы Жыланшық  өзені  арнасынан  тасып,  екінші  жағаға шығу мүмкін емес еді. Қараса, өзеннің арғы  жағасында  той  болып жатты. Тілепті  көрген  адамдар  оған былай деп айқайлап  жатты:

– Құрметті Тілеп, біз сізді  өзеннің арнасы тасып жатқандықтан тойға шақыра алмадық, енді не істейміз?

– Ештеңе етпейді, – деп оларды музыкант  тыныштандырды. – Киіз үйді бөлек тігіңдер. Төрт жағынан  қазық қағып, оған, мықтап байлаңдар. Дастархан жайыңдар.

Адамдар Тілептің  айтқанын істеді. Осы уақытта ол қобызда ойнай бастады. Кенеттен жел тұрып, қара бұлт пайда болып, киіз үйді көтеріп  музыкантқа  әкеліп тастады. Ол тамақтанып алып, той иелеріне  рахмет айтып, қобыз  үнімен  киіз үйді өз орынына  апарып тастады.

Халық арасында Тілеп көріпкел, емші ретінде де танылды. Оның атымен  байланысты тағы бір мысал.Өмірінің соңғы  жылдарында  Тілеп  өзін  жаман  сезініп  былай депті: «Түйе  қай жерге  тоқтаса мені  сол жерге  жерлеңдер». Ол ертерек  өмірден  озған  Сарықыз  моласынан  алыс  емес  жердегі  ескі  қорымға   тоқтапты. Сол жерге  музыкантты  жерлепті.Бұл жер  қай жағынан  қарасаңда мидай жазық дала көрінетін жер. Оның  моласы  бізге  дейін  сақталған. Ұрпақтары Тілептің  рухы жоғалған жоқ, ол өзінің туғандарын  қорғап тұр дейді. Ол адамдарды  емдеген  киелі  қара  қобыз осы күнге дейін сақталып, ұрпақтан ұрпаққа  аманат  етіп жалғасуда.Әлі күнге  дейін адамдар  Тілептің  рухына бас иіп, оның  бейтіне  құран  бағыштап, одан  бата сұрап  мола басында түнейді.

Қазір  музыкалық  академияда Тілеп Аспантайұлының  атында  қобызшылар квартеті, музыкалық  академия  ансамблі бар.  2013 жылы  Астана қаласында  концерт, кино, телешоу, ТВ түсірілімдер, конференциялар, шығармашылық  кештерге  арналған  300 орындықты  «Тілеп Қобыз Сарайы»  концерт залы  бойы көтерді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика