ДРАЙВ

14 сәуір күні  Орталық қалалық кітапханада   «Шақырылған қонақ»  циклімен кездесу  болып өтті.  Іс-шара мақсаты: рудныйлықтарды  қаламыз  атымен  мақтанатын   белгілі  талантты  тұлғалармен  таныстыру.

Бұл жолы кітапхана қонағы  –  «Драйв» цирк  студиясының  жетекшісі, ерекше жанр  әртісі, әйелдер арасында  сирек  кездесетін амплуа – клоунесса  Надежда Шукрута  болды.

Көптеген  талантты  бойына сіңіре отырып(Надежда  театрда ойнайды, сценариилер  жазады, мерекелік кештерді, балалар мерекелері мен телевизиялық  бағдарламаларды  жүргізеді – бұл жұмыстардың  барлығында ол  өзін суда  жүзген  балықтай сезінеді),  өз өмірінің басты  ісі  цирк деп  ойлайды!

         Надежда Шукрута  16  жылдан  бері жетекшілік  ететін «Драйв»  студиясының  әртістері  – көптеген  конкурстар мен фестивальдардың,соның ішінде халықаралық  конкурстардың  цирк өнері бойынша жүлдегерлері. Оның өзі де  көптеген марапаттардың  иесі, ал ең бастысы –  көбіне көрермендер көзайымы.

Надежда жиналғандарға  өзінің және шәкірттерінің  шығармашылығы, жеке жетістіктері мен табыстары жайында  әңгімелеп, шығармашылық  жоспарларымен бөлісті.

Кеш бойы  «Драйв» студиясының  әртістері – халықаралық  «Синяя птица» конкурсының 2018 жылғы  жеңімпаздары ЕлизаветаГрефенштейн, Ангелина Савина, ЕкатеринаНазаева, ЖанельТемирбаева, Марина Сергиенколар уақытша аренаға айналған  кітапхананың оқу залында  қалалықтар үшін өнер көрсетті. Жас әртістер  түрлі жанрларда өнер көрсетті:акробатика, эквилибр, жонглирование.

Көрермендерді  көңілді  клоунессалар дуэті  Цветочек және  Ириска (әртістер Надежда және  Ирина Шукрута) қалалықтардың  көңілін   «Новые русские бабки»  номерімен көтерді. Жастар  көрермендермен ойынға  қатысты. «Свадьба» Ойындық  сахналастыруын  залмен  бірге  клоунесса Цветочек  өткізіп,  көрермендерді күлкіге қарық қылды.

Экранда Рудный цифрлық телевидениесінде жарияланған  кеш кейіпкері бағдарлама жүргізушісі және журналист  ретінде  қатысқан   «Балаларға  қонаққа» бағдарламасынан үзінділер  көрсетіліп тұрды.

Көрермендер Надежда Шукрут  басты ролді  сомдаған «Рампа»  театрының  режиссёры  Лилия  Ибрагимовна Гайнутдинованың қойған  «Дорогая Памэла» спектаклінен  үзіндіні  қызығушылықпен қарады.

Көптеген достары мен ұжымдастары тарапынан айтылған  жағымды пікірлер тыңдалды: Ирины Шукрут, Лилия Гайнутдинова, Владимир Быков.

Кеш жас көрермендер жүрегінен орын алып, қошеметке  ие болды. Мереке сыйлағандары үшін әртістерге рахмет!

Leave a Reply