Қашар кентіндегі №11 кітапхана филиалы бұл мерекеде кітапхана қабырғасында ең белсенді кітап сыйлаушылар мен кітап сүйгіштерді жинауды дәстүрге айналдырған!
«Оқу күні, сыйлау күні!» – буккроссинг көрмесі, әрбір келуші бұл күні «Оқырман қалауы» клубына сыйланған кітаптар ішінен өзі қалаған кітапты сыйға ала алады. Олардың арасында түрлі жанрдағы жаңалықтар,сонымен қатар жаңадан шығып, оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген авторлар да бар.
«Оқу күні, сыйлау күні!» оқырмандар кітапханаға сыйланған кітап жайында айтты.
Жыл бойы кітапханада «Кітап арқылы қайырымдылық пен жақсылыққа!» оқырмандық кітап сыйлау акциясы өткізіледі, ал «Оқырман қалауы» буккросинг – клубында өзара кітап алмасып, оны кітапханаға қалдырып кететін 187 қатысушы бар. Қазір бұл қорда жоғары сұранысқа ие 300 ден астам кітап бар.
Астапенко В.М., Уразов Б.У., Гришин В.Д., Трефилов З.И., Истомина Н.А., Шпилькова Л.К., Лир Л.Н., Лядовской Л.Н., Косачёва А.Я., Мергалиева К. М., Токарева Л.А., кітап сыйлаушылар және оқырмандар, жыл сайынғы акция қатысушыларына: «Танысыңыз, кітапхана!» буклеті, кітапхананың визиттік карточкалары табыс етіліп, кітапхана жұмысшылары атынан алғыс білдірілді.
Бұл күні көрмені 48 адам тамашалап, 11 дана кітап сыйға тапсырылды!