Таран ауданында, Аят өзенінің жағасында, аудан орталығынан бірнеше километр қашықтықта тұрғындар мен келушілердің құрметті орынына айналған Жабағы батыр кесенесі бар.
Жабағы батыр – Қобыланды батырдың тікелей ұрпағы, Түгел батырдың немересі, атадан балаға мұра болып даналық қалды. Атасы Түгелдің де өзіндік жарқында қызықты тарихы бар. Ақжігіттің әйелі ұл туғанда туыстары балаға ат қоюға қиналды, сол кезде Орданың ханы оған Түгел деп ат қойды, халқына қорған болсын деп батасын берді.Түгел өскенде көптеген жорықтарға шығып, өз ерлігімен таң қалдырып жүрді. Абылай хан бір күні жігіттен: «Сен нені қалайсың? Менің тағымды ма әлде өз бақытыңды ма?»- деп сұрады. Түгел оған биліктің қажеті жоқ екенін айтты, ал бақыт болса алла оған өзі жар болатынын айтты. Сол кезде Абылайхан оған жорық ерлігін тапсырды. Түгелдің екі ұлы дүниеге келіп, оларға Ипан және Жәнібек деп ат беріліп, Абылайхан қолымен табыс еткен туды мұра ретінде кіші ұлы Ипанға тапсырды.
Ипанның ұлы Жабағы батыр Қостанай облысының Таран ауданында Қараоба өлкесінде 18 ғасырда өмір сүрді. Батыр өмірі туған жер үшін таусылмас шайқаспен өтті. Жабағы батыр 1722 жылы қалмақтармен ұрыста ерлікпен қаза тапты.Халықтың айтуы бойынша батыр жауға қарсы әскер жасақтады.Ұрыс ұзаққа созылып, жау батырдың атын жаралады,ол соғысты жаяу жалғастырып, жаудың оғы оған қадалды. Өзінің әрі қарай шамасы келмейтінін білген Жабағы батыр әскерлерін жинап алып: «Жау сүйегі елді бүлдірмес үшін үлкен ор қазып оларды сонда тастаңдар. Ал мен өлген кезде сол ордың үстіне тас пен отопырақ толтырып, ең жоғарысына мені жерлеңдер. Мен оларды жаншып үстерінде жатуым керек» деді. Осылай ол өзінің жерлестеріне қарсы шоқпарын көтермес үшін жауларын мәңгілікке езгісі келді.
Жабағы ббатыр бұйрығы орындалды. Қолдан жасалғанына адам сенгісіз үлкен тас қорған жасалды. Мазар ең биіктен Жабағы батыр өз елін қорғап қарап тұрғандай әсер береді. Кейін Жабағы батырдың жанына қолбасшысы Жаманқа батыр жерленді.
Қолдан жасалған қорған маңында естелік тас қойылған, оған баратын баспалдақ тастан жасалған.Мазардан алыс емес жерде Аят өзенінің төменгі жағында бұлақтар сылдырап ағып жатыр.Үлкендердің айтуы бойынша бұлақ суы киелі, одан ішкен адам өзін дені сау, сергек сезінеді.Оның табынушылары бұл жерге жиі келіп түнейді, Жабағы батыр рухынан медет сұрайды.
Батырдың ұрпақтары, Таран ауылының тұрғындары Бердалиновтер, отбасылық дәстүрді берік ұстанған, Жабағы батырдың атасы Түгелге Абылайхан табыс еткен XVIII ғасырдағы жорық туы, Жабағы батырдың белдігі мен көне араб тіліндегі кітап ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатыр.