Торғай геоглифтері (Үштоғай төрттағаны, Торғай трикветрі)

Нысан мерзімі: қола дәуірі – орта ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Амангелді ауданы, Үштоғай ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде; Амангелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде.

Торғай геоглифтері. Үштоғай төрттағаны.

Торгайские геоглифы. Уштогайский квадрат.

Torgay geoglyphs. Ushtogay square.

Бүкіл әлемдік ғалымдар назарын жұмбақ Торғай геоглифтері – ұшар биіктен ғана көрінетін жер  бетіндегі бедерлі геометриялық және пішінді өрнектер өзіне тартты. Қостанай облысының аумағында 200-ге жуық осындай бедерлер белгілі. Нысандар туралы алғашқы ақпарат 1909 жылы Орынбор ғылыми архив комиссиясының жиналысында айтылған. 2007 жылы қолжетімді Google Earth бағдарламасындағы ғарыштан түсірілген суреттерге зерттеу жүргізген Дмитрий Дей нысандар қатарын тапты. Қостанай университетінің археологиялық зертханасының қызметкерлері Андрей Логвиннің жетекшілігімен зерттеулер жүргізді. Археолог ғалымдардың болжамы бойынша геоглифтердің ғұрыптық маңызы болған.

«Үштоғай төрттағаны» геоглифінің белгіленген диагональдар ұзындығы 406 м. Диаметрі 10-12 м, биіктігі 1 м. болатын жүз бір үйіндіден тұрады. Эзотериялық ілімді  ұстанғандар геоглифті «күш беретін орын», адам мен ғарыштың энергетикалық байланыс жолы деп есептейді.

«Торғай трикветрі» геоглифі үш сәулелі свастика түрінде үйінді тәрізді жасалған. Әрбір сәуле ұштары иілген ирек тәрізді пішінмен аяқталады.

Leave a Reply