Жүз жылдықтар жолдары

№11 модельдік кітапхана-филиалы ұлттың рухани мақтанышы мен қазақ мәдениетінің классикалық мұрасы болған, ұлы композиторлар мен домбырашылардың шығармашылығымен танысу, қазақтың мәдени мұрасын насихаттау мақсатында, «Дала фольклоры мен музыкасының мыңжылдығы» арнайы жобасының шеңберінде (Тәттімбеттің (205 – жылдығы) және Дәулеткерейдің (200 – жылдығы) мерейлі даталарына қарсы «Жүз жылдықтар жолдары» музыкалық бейнесалонын ұсынады.
Тәттімбет – домбыраның «шертпе» стилінің жарқын өкілі, әртүрлі тақырыптағы және бағыттағы 40 тан аса күйлердің авторы.
Дәулеткерей – халық композиторы, күйші, аспапты музыкадағы лирикалық бағыттың негізін салушы. Тарихта билеуші және қоғам қайраткері ретінде танылған.
Тәттімбет және Дәулеткерейдің домбыралық музыкасының үздік үлгілері, бүгінгі күнде музыкалық мәдениетіміздің талантты өкілдерінің шығармашылық қызметінің қалыптасуы және гүлденуінің негізі болды.
Күйшінің: «Сары жайлау», «Сылқылдақ», «Көкейтесті», «Жігер», «Бұлбұл» және басқа танымал шығармаларынан үзінділер шырқалады.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика