Мақат Сағанасы мавзолейі

Амангелді ауданының жергілікті тұрғындары мен сырттан келушілер үшін көз тартарлық орындардың бірі – Мақаттың Сағанасы мавзолейі. Бұл  Орталық Қазақстанда ХХ ғасырдың басындағы  діни құрылыстардың тамаша үлгілерінің бірі, ол Ұлытау ауданында Шеңбер ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан. Мақаттың Сағанасы мавзолейі ХVIII ғасырда салынған деген пікір бар. Сыртынан қарағанада ол, бүкіл Сарыарқаны бойлап орналасқан мавзолейлерге ұқсайды. Бұл мавзолейдің ерекшелігі – жерлеудің қайталанбас тәсілінде. Бұл Арғын тайпасының Төлек руынан  Мақат ұрпағының  соңғы пана тапқан ата-тектік сағанасы, оның аты да осыдан келіп шыққан.

Бұл бай және ғалым адам болған. Өз балаларымен мавзолейді салған, ол қазіргі күнге дейін керемет сақталған.

Мавзолейге тек біртіндеп кіруге болады, өйткені кіретін жері өте тар. Мавзолей қабырғаларына Мақаттың ұрпақтары қайтыс болған туысқандарының денелерін қойды. Мұнда ескі дәстүр бойынша жерлеген. Адам қайтыс болғанда оның денесін көмбеген, бірақ жерасты бөлмесіне қойған. Ақ пердемен Белым занавесом камераны екі бөлікке бөлген: бір бөлігіне ерлердің мәйітін, екіншісіне – әйелдердің мәйітін қойған. Ашық қабір шұңқыры да сол жерде. Тағы бір туысы қайтыс болған кезде, одан алдыңғы туысының мүрдесін қабір шұңқырына түсірген, ал оның орнына жақында қайтыс болған туысының денесін қойған. Жер асты бөлмесінде бір қалыпты температура сақталады және бықсыған иіс жоқ.

Мавзолейде қазір жиырмадан астам Мақаттың туыстарының сүйектері жерленген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша,  мавзолей салынған жер, бұрынннан киелі жер деп есептелген, және денелері жақсы сақталады, өйткені жақын маңда Сары-Торғай өзені ағып жатыр, ал жерде Ұлытаудан түскен бұлақтар бар. Мавзолейді құрғандар бұл жердің уақытқа мінсіз қызмет ететінін білді.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика