Мария Петровна Девятова
туғанына 95 жыл
Мария Петровна Девятова 1926 жылы 30 маусымда Свердлов облысы Шаля станциясында дүниеге келді. 1944 жылы орта мектепті бітіріп Свердлов медициналық институтының педиатрия факультетіне оқуға түсті. Институтты 1949 жылы бітіріп, Мария Петровна Свердлов қаласының қалалық денсаулық сақтау бөлімінде инспектор болып жұмыс істеді. Сонан соң учаскелік педиатр болды. 1950 жылы ол Челябі облысының Коркино қаласына келді, онда инфекция бөлімінің ординатор-дәрігері болып жұмыс істеді және педиатрия учаскесін алып барды. 1954 жылы оны балалар консультациясының меңгерушісі етіп тағайындады.
Күйеуінің ССКБК-на жұмысқа ауысуына байланыст Девятовтар отбасы Рудныйға қоныс аударды. 1960 жылдың қазан айынан бастап ол учаскелік дәрігер болып жұмыс істеді, 1961 жылдың тамызынан – балалар поликлиникасының меңгерушісі, сонан соң 1981 жылдың қаңтарына дейін поликлиникалық бөлімнің бас дәрігерінің орынбасары болды.
1964 жылдан бастап Мария Петровна поликлиника меңгерушісі жұмысын физиотерапевтпен қоса атқарды, көп жылдар бойы қалалық балалар ауруханасында қалпына келтіру емі бөлімін басқарды. Бірнеше рет Қостанай, Харьков, Мәскеу қалалаларында курстарда біліктілігін арттырды. Педиатр-дәрігердің жоғары біліктілік санаты бар.
Мария Петровна Девятова өз жұмысы үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, Денсаулық сақтау саласының үздігі және КСРО құрметті доноры атағын алды, сондай-ақ көптеген қалалық, облыстық және республикалық алғыс хаттарға ие болды.