2021 жылғы маусым айының мерейгерлері

Анелия Тимофеевна Шиповских

туғанына 85 жыл

Анелия Тимофеевна Шиповских 1936 жылы 20 маусымда дүниеге келді. Минск  кітапханалық техникумды бітіргеннен кейін Белоруссия кітапханаларында жұмыс істеді. Ленинград мемлекеттік мәдениет институтын бітірді. 1960 жылы оны Қостанай облысы Рудный қаласының №1 кітапхана-филиалына меңгеруші етіп тағайындады.

1961 жылғы IV тоқсандағы социалистік жарыс  қорытындылары бойынша қалалық партия комитеті бюросының және қалалық кеңес атқару комитетінің шешімімен еңбекшілер депутаттары қалалық «Құрмет тақтасына» өндіріс озаттары және басқа да есімдердің қатарына – № 1 қалалық кітапхана меңгерушісі Анелия Тимофеевна Шиповских енгізілді. 1962 жылдың соңында оның басшылығындағы № 1 қалалық кітапханаға «Үздік кітапхана» атағы берілуімен диплом тапсырылды.

Анелия Тимофеевна Шиповских: «Еңбек ардагері» (1990), «В.И. Лениннің туғанына 100-жыл толуына орай адал еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медалдарымен, «Жаңа жерлерді игергені үшін», «Үздік жұмысы үшін», «Ауылдың мәдени қамқорлығының үздігі» белгілерімен марапатталған.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика