2022 ж. мерейгерлері

18 қаңтар

Александр Дмитриевич Наймушин

туғанына 80 жыл

(1942-2014)

 

1942 жылдың 18 қаңтарында Челябі облысының Чугаево а. дүниеге келді. Орта мектепті бітірді, Челябінің СУ-33 оқыды, мамандығы – тас қалаушы.

Рудныйда 1960 жылдан бастап, кешкі мектептің 11 сыныбын, Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірді.

«ТЭЦСТРОЙ» ҚБ тас қалаушы болып жұмыс істеді. 1961-1964 жылдары Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды.

1965 жылы ДСК монтажшы болып ауысты, 1970 ж. бастап – «Горжилстрой» кешенді бригадасының бригадирі болды.

А.Д. Наймушин – Рудный және одан қала берді қазақстандық құрылысшылар арасында аты аңызға айналған тұлға. «Горжилстройда» кешенді бригада бригадирі болып жұмыс істей отырып, ол Қазақстанда алғаш рет бригадамен еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысанын – Злобин әдісі бойынша бригадалық отрядты игерді.

Жылдар өте келе «Соколоврудстрой» тресінде (бүгінгі күні «Рудныйсоколовстрой» АҚ) керемет мансап жасады, бірақ жан жүрегімен ол бүкіл қаланы қолымен тұрғызған аты аңызға айналған тас қалаушылардың бригадирі болып қалды

.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика