2022 ж. мерейгерлері

9 қаңтар

Сергей Владимирович Петренко

туғанына 45 жыл

(1977-2019)

 

Сергей Владимирович Петренко Рудный қаласында туып өскен. Бастапқыда ол шахтада проходчиктің қатал жолын таңдап, шығармашылыққа ұмтылмады, бірақ мектептен бастап Сергей өлең жазды. Жас автордың таланты байқалды, кейінірек оның өлеңдері жергілікті ақындардың бірнеше жинағына еніп, бөлек жарық көрді. Сергей Петренко Республикалық «Шабыт» сыйлығының лауреаты атанды.

Сонымен қатар оның журналистік мансабы дамыды. Сергей Петренко «Твой шанс Рудный» газетімен жұмыс істеді, содан соң «Рудненский рабочий» газетінде, ал соңғы 12 жылда қалалық апта сайынғы «Хорошее дело» журналисті болды. Сергей газетке арналған жарияланымдардың ұзақ уақыт жалғыз авторы болған кездері болды. Ол көптеген журналистік зерттеулер жүргізді, өткір тақырыптарда жазды. Көптеген инстанциялардың қолдауынан үмітін үзген адамдар Сергей Петренкоға жүгінді, ол шамасына қарай оларға көмектесті. «Хорошее дело» газетін дәл осы Сергей Петренкомен байланыстырды.

Ол Рудный қ. және Қостанай облысының ақындарымен, суретшілерімен, мүсіншілерімен тығыз байланыста болды, көрмелерді ұйымдастыруға жиі жәрдем берді, өзі де шығармашылық кештердің белсенді қатысушысы болды.

Рудныйда «Горняк» хоккей командасы құрылған сәттен бастап Сергей Петренко оның адал жанашыры болды, «ақ-қаралардың» әрбір ойынын БАҚ-да жариялап отырды. Соңғы жылдары В последние годы Сергей увлекся страйкболмен айналысып, Қазақстан бойынша және шетелдерге барып  жарыстарға қатысты, қызығушылық аясын кеңейтті, жаңа достар тапты. Сонымен қатар қалалық ардагерлер кеңесінің «Рампа»театрында ойнады, кем дегенде төрт спектакльге қатысты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика