Кітапханалар мен оқырмандар: уақыттағы диалог

«Рудныйдың Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ әртүрлі бағыттар мен жобалар бойынша әртүрлі санаттағы пайдаланушылар үшін үлкен қызықты жұмыс жүргізеді.

«Оқитын ұлт» ұлттық жобасының аясында «Әдеби өлкетану» бөлімінде «Рудный – менің отанымның бөлшегі» атты туған қаланың тарихына саяхат Қала күніне арналған іс-шаралар циклының аяқталуы  және ОКЖ «Оқитын рудныйлық»  өлкетану жобасының аясында «Қала оқиды» оқу марафонының жабылуы болды, онда тамаша рудный ақындарының өлеңдері оқылды; осында, «Нағыз оқитын кез» бөлімінде «Жақсы кітап – сенің серігің және досың» әдеби-көркем навигатор ұсынылған, онда мемлекеттік тапсырыспен түскен  қазіргі қазақстандық авторлардың кітаптары ұсынылды. ҚР Конституциясы күніне пайдаланушыларға предложена правовая информация «Демократиялық Конституцияға Қазақстанның тарихи жолы» және «Біз өмір сүретін Заң» құқықтық ақпарат ұсынылды.

Жаз – кітапханалардың  балалармен жұмыс жасауына және балалардың оқуын ілгерілетуге ең қолайлы уақыт. Балалар жылы аясында облыстың қалалары мен аудандарының мәдениет ұйымдарында көптеген іс-шаралар өтуде. Кітапханалар, әрине, шетте қалған жоқ..

Қашар кентінің №11 кітапхана-филиалы «Тинейджер» балалар клубының балалары үшін «Жасыл глобус» дартс-квиз өткізді. Оның мақсаты балалардың назарын қоршаған ортаның ластануы мен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау проблемаларына аудару болды. Экологиялық ойын барысында балалар табиғат туралы көптеген пайдалы және қызықты ақпарат алды. «Өсімдікті біл» викторинасы өткізілді, содан кейін конкурстық тапсырмаларды орындауға көшті. «ТАБИҒАТ сөзінен зат есімдерді кім көп жасайды», жануарға айналу, дартс-квизге қатысу. Табиғаттағы тәртіп ережелері, халық белгілері туралы көп айтылып, табиғат туралы өлеңдер оқылды.

№10 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің балалары, олар үшін Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері өткізген, «Менің досым, кітап, айтшы!» атты викторина – іздеу қатысушысына айналды. Ақпаратты жылдам іздеуге көмектесетін анықтамалық әдебиеттің көптүрлілігімен, сөздіктер мен энциклопедиялардың құрылымымен, материалдың орналасуымен, алфавиттік және пәндік көрсеткіштермен танысуға болады. «Мен әлемді танимын», «Барлығы туралы», «Жүз ұлы» және басқа да қызықты кітаптар энциклопедияларының түрлі сериялары көрсетілді. Алынған білімді бекіту үшін викторина-іздеу жүргізілді: қатысушылар көрмеде ұсынылған анықтамалық әдебиеттен қойылған сұрақтарға жауап іздеді. Викторинаның ең белсенді қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.

№ 6 кітапхана-филиалында  «Болашақты ойлап тауып» библиосерфингі өтті, іс-шараға қатысқан қыздар мен ұлдар ғалымдар мен өнертапқыштардың біздің өміріміздегі және бүкіл адамзаттың дамуындағы ұлы рөлі туралы білді; біздер үшін күнделікті өмірімізде үйреншіктіге айналған қолайлылықтар қалай жасалды, және олардың әрқайсысы өнертапқыш бола алатыны туралы білді. Ой-өрісін кеңейту, білімнің түрлі салалары бойынша әдебиетті оқуға қызығушылықты арттыру, үлкен ауқымды ақпараттан ең қажеттісін таңдап алу дағдысын дамыту – іс-шараны дайындау кезінде кітапханашылар алдында дәл осы мақсаттар тұрды.

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту – №13 кітапхана-филиалының «Библиодемалыстар, немесе жаз кітаппен» жазғы бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі.  Осы бағдарлама аясында кітапхана жанында «Жаз планетасындағы Оқу елі» әдеби-шығармашылық алаңын ұйымдастырды. Қатысушыларды белгілі шығармалар желісімен әдеби викториналар, өмірдің барлық жағдайларына арналған көңілді ойындар, соның ішінде, жол қозғалысы ережелері туралы, фотозона және букроссинг күтіп тұрды. Сондай-ақ балалар жаңа журналдар мен газеттерді оқып, балалар әдебиетінің жаңалықтарымен танысып, ұнаған кітапты үйге ала алды. Мұндай іс-шаралар балалардың көкжиегін кеңейтуге және демалысты көңілді ғана емес, сонымен қатар пайдалы етуге көмектеседі.

№ 8 кітапхана-филиалымен жасалған «Қазіргі балалар. Қазіргі Кітаптар. Қазіргі жазушылар» ақпараттық нұсқаулық пайдалы болды. Нұсқаулықта қазіргі заманғы кітаптар мен жазушыларға қызығушылық танытатын ата-аналар мен балаларға арналған ұсыныстар бар.

Ақпараттық қызмет көрсету және кітап пен оқуды жылжыту – кітапханалардың негізгі және басты міндеттері, бірақ оқырмандармен достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін мәдени және бұқаралық жұмыстың да маңызы кем емес.

Светлана Городничая,  «Рудныйдың ОКЖ» ММ

әдістемелік-библиографиялық  бөлім меңгерушісі

Leave a Reply

Яндекс.Метрика