Біз жемқорлыққа қарсымыз!

2017 жыл 2 қарашада «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ директорының №25 бұйрығымен бекітілген

«Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

мемлекеттік      мекемесінің  жемқорлыққа қарсы  стандарты

 Аталған жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасы Заңының 2015 жыл 18 қарашадағы 10 бабына сәйкес «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жасалған және «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде кітапхана  қызметінің  аясында  өзіндік  шектеулерін :

  1. Жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты жемқорлыққа қатысты  іс-әрекеттерге жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және   «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік  мекемесінің  қызметінде  жемқорлықтың  алдын алу болып табылады.
  2. Жемқорлыққа қарсы стандарттың тапсырмалары:

1)  «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі  өзінің құқығы мен міндеттерін  жүзеге  асыруда жемқорлыққа  қарсы  қызметкерлердің  жауапкершілігі  мен  мінез құлықтарын  қалыптастыру;

2) жемқорлық әрекеттерді дер кезінде анықтап , келеңсіздіктің алдын алу;

3)«Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі  қызметінің  нәтижесін арттыру.

  1. Жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы және орындалуы:

1)  «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  мемлекеттік мекемесінің  жұмысы  барысында  жеке және заңды  тұлғалардың заңды  қызығушылықтарына  байланысты   құқықтарын  ұсыну  жүйесін  жүзеге  асыруда  жемқорлыққа қарсы стандарт қолданылады.

2) Жемқорлыққа қарсы стандартын  орындау «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  мемлекеттік мекемесінің  барлық  қызметкерлеріне  міндеттеледі.

3) Жемқорлыққа  қарсы стандартты қолдану және орындауды  «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері өз міндеттеріне алады.

  1. Жемқорлыққа қарсы стандартқа өзгертулер Қазақстан Республикасы «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағына сәйкес енгізіледі.
  2. Жемқорлыққа қарсы стандарт «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің арасында  қызмет аймағына  байланысты жемқорлықтың пайда болу жолдарының алдын алу және бекітілген ережелерді  сақтауға  бағытталған.
  3. «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қоғам арасында жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылыққа тап болған жағдайдағы іс – әрекеттері:

1) егер азаматтық қызметкер жемқорлыққа қарсы құқық  бұзушылық әрекеттерінің куәсі болған  жағдайда, оның алдын алу шараларын  қолдану немесе дер кезінде  хат  түрінде өзі жұмыс істейтін мекеме басшысына, құзіретті мемлекеттік органдарға  хабарлауы  тиіс;

2) басшыға өзіне  аян болған  жемқорлық әрекеттерді, қызмет  этикасының  бұзылуын, өзін  қандай да бір тұлғаның  жемқорлық  жасау  ісіне немесе  сыйлық  алуға итермелегені, сонымен қатар құқық  бұзушылықтың туындауы  мүмкін  болған жағдайда,қызметтік  міндетін орындау кезіндегі жеке  қызығушылықтарды дер кезінде мәлімет  беру.

  1. «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы  стандарт  ережелерін сақтау этикаларын бақылауды жүзеге  асыру .

1) «Рудныйдың орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлері арасында  жемқорлыққа қарсы стандарт  ережелері сақталмаған жағдайда персоналдарды  басқару  маманы  Рудный қаласы әкімдігінің  «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысына хабарлай алады.

2) «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  қажет болған жағдайда  жемқорлыққа қарсы  стандарттың сақталуын персоналдарды  басқару  маманынан  ақпараттарды  сұрап біле  алады.

  1. Қоғамдық қатынас саласының  атауы: мәдениет және тілдерді дамыту.

 9.1.  Тосқауылдар, шектеулер және  рұхсаттар:

–  саладағы  заңды және жеке тұлғалардың сұранысы бойынша заң және құқықты  ұсыну:

– Қазақстан Республикасы заңнамасымен нормативті – құқықтық актілерді,облыс және қала әкімінің қаулылары, «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламенттерін, аталған қызметтік және өзге де инструктивті құжаттарды  басқару;

– жұмыс регламентіне сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру және  бөлімде  еңбек дисциплинасының  орындалуын қамтамасыз ету;

– жоғарғы органдардың құжаттарының, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын, шешімдерін, облыс әкімінің тапсырмаларын, қала әкімінің тапсырмаларының  өз уақытында және сапалы  орындалуын  бақылауды  жүзеге асыру;

– «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарларын және бақылау  құжаттарының  орындалуына  жүйелі  түрде  тексеріс  жүргізіп  отыру;

– «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің  заңдылығын  бақылауды  қамтамасыз ету;

– Жобаларды  дайындау  кезінде   ҚР  2016 жыл 6 сәуірдегі  № 480-V  ҚРЗ  «Құқықтық актілер туралы»  заңының нормативті  құқықтық актілерінің  нормасын қатаң түрде сақтау.

– нормативті құқықтық актілерді қабылдағанда  өз пайдасын немесе үшінші тараптың  пайдасын  көздемеу;

– жемқорлық  құқықбұзушылықтарға  жол беретін нормаларды  алып тастау;

– «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің  басшысына немесе құқыққорғау органдарына өзіне мәлім болған жемқорлыққа байланысты  құқықбұзушылық әрекеттерді  дисциплинарлық  жауапкершілікті  ала  отырып  мәлімдеу;

– ішкі  еңбек  тәртібінің ережелерін сақтау.

  1. Кітапхана жүйесінің азаматтық қызметкері мемлекеттік қызмет саласының ерекшеліктеріне байланысты  қарым-қатынаста  міндетті:

– мемлекеттік органдары жүйелеу  нәтижесін төмендету, қарсы  тұру  сияқты немесе  мемлекеттік талаптарға  нұқсан келтіретін  әрекеттерді болдырмау;

– заңмен бекітілген құқықты қорғау және сақтауды, заңды және жеке  тұлғалардың еркіндігі мен заңды  сұраныстарын  қамтамасыз ету, ретін және мерзімін қарау, заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасау, қажет болған жағдайда  шаралар  қолдану;

– бекітілген нормативті құқытық актілерге сәйкес келмеген жағдайда,белгілі міндеттердің орындалуын  бағыттау, хат түрінде құзіретті органдарға  хабарлау;

– заңды және жеке тұлғалардың  талаптары мен құқықтары  бұзылған  шешімдердің  шынайы  қабылдануын қамтамасыз ету;

– Қазақстан Республикасы заңымен бекітілген  тосқауылдар мен шектеулерді  сақтау;

– өз компетенциясы аясында қабылданатын  және өзге де шешімдерді  қабылдау:

–  заңнамаға сәйкес шара қолдану кезінде келеңсіздіктерге  жол бермеу;

–  қызметтік  міндеттерге сәйкес ұсынылған  құқықтарына  қарап өкілеттілікті  жүзеге  асыру;

10.1. іс – шара өткізу кезінде   (жиналыстар, отырыстар, мектепреде құқық сабақтарын өту, круглых столов (с.і.барулар) мемлекеттік қызметкерлердің  қызметтік этикасын қатаң түрде сақтау.

  1. Саладағы заңды және жеке тұлғалардың талаптары мен құқықтарын   қанағаттандыру  үшін  жемқорлыққа қарсы стандартқа байланысты кітапхана жүйесінің азаматтық қызметкерлері  міндетті:

– Қазақстан Республикасы Конституция талаптарына  сәйкес құқықты  нормативтерге және  заңдылықтар тәртібіне  басшылық ету, жемқорлыққа қарсы заңнаманы  қатаң түрде  сақтау;

– талаптардың орындалуы кезінде  түсінбеушіліктер туындағанда кез келген мүмкіндікті жіберіп алмау үшін алдын алу шараларын қолдану;

– жеке және заңды тұлғалардың  өз құқықтарын және  заңды  сұраныстарын талап етуде қиыншылықтарға  тап болуына  жол бермеу;

– жеке бастың пайдасы үшін өзінің қызметтік лауазымын  және соған байланысты басқа да мүмкіншіліктерді  асыра пайдаланбау;

– жұмыстың жоғары кәсібилігін арттыру үшін  барлық күшті салу, алға қойылған мақсаттарға жету үшін тиімді  шешімдер  қабылдау;

– қызметтік  міндеттердің  сапалы  орындалуы  үшін  өзінің  кәсіби деңгейін және квалификациясын үнемі көтеріп отыру;

– қызметтік жағдайды асыра пайдалана отырып, негізсіз бюрократтыққа және  байбаламдыққа салынып  заңды және жеке тұлғаға  дөрекілік  көрсетілуіне  жол бермеу;

– жеке және заңды тұлғалардаң  еркіндік және құқытық сұраныстарын, құқтың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

– әріптестерден жемқорлыққа қарсы  және жоғары құқықтық  мәдениетті сақтауын  талап ету және қолдау.

  1. Кітапхана жүйесінің азаматтық қызметкері өзінің компетенциясы  аясында  шешім  қабылдағанда  міндетті:      

– Қазақстан Республикасының Заңнамасын сақтауға;

– мемлекеттік және қызметтік  құпиялардың сақталуын қамтамасыз етуге;

– кәсіби (қызметтік) этиканы  сақтауға;

-жемқорлыққа қатысты  құқықбұзушылық  әрекеттеріне  басқа тараптан  итермелеу  болған жағдайда, дер кезінде  хат түрінде өзі жұмыс істейтін мекеме  басшысына, құзыретті мемлекеттік органдарға  хабарлау.

– еңбек  дисциплинасын сақтау, қызметтік  міндетін адал  және  сапалы  орындап, жұмыс  уақытын  тиімді, өз орынымен   жұмсау;

– лауазымдық  міндеттемені  орындау кезінде жеке және заңды тұлғалардың  пікірімен санаспау және олардың тұжырымдарына тәуелді  болмау;

– жеке бастың сұрақтарын шешу кезінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік қызметкерлерге  және өзге де  тұлғаларға    қызметтік  жағдайын  пайдаланбау;

– үшінші  жақтың сұранысын  қанағаттандыра отырып, қате шешім қабылдануына жол бермеу;

– өзге мемлекеттік органдарға, мекемелер мен кәсіпкерлік субьектілердің қызметтеріне  заңсыз  араласпау;

– қарым қатына кезінде  әріптестер мен  мекеме  басшысынан қызметтік  шешім қабылдау кезінде  бекітілген  тәртіпке қайшы келетін  әрекеттер жасауын  өтінбеу.

  1. Бөлімнің  азаматтық  қызметкерлері өмір сүру спецификаларына  байланысты пайда  болатын өзге де өзара  қарым қатынастар  кезінде  міндетті:

– мемлекеттік  функциялармен  біргелікте  орындалмайтын  қызметтің  жүзеге  асырылуына  жол бермеу;

– әріптестер мен азаматтарға   орынсыз  айып  тағу, дөрекілік айғақтары, адамдық  тұлғасын кемсіту, жағымсыз  мінез құлық т.б. жол бермеу;

– міндеттемені  орындау  барысында  тек қана нысанды және анық  мәліметтерге  жетекшілік ету;

– мемлекет мүлкін тек қана  қызмет  бабында  пайдалану, сақталуын қамтамасыз ету;

– ұжымда іскерлік қарым қатынасты және конструктивті  бірігушілікті сақтау және нығайту ;

– әкімшілік  жауапкершілікте  қаралған заңға  байланысты  құқық бұзушылыққа  жол бермеу;

– ресми мінез құлық ережелерін және іскерлік  этикет сақталуы  тиіс;

– мемлекеттік бақылау және тексеру шаралары  өтіп жатқанда  жалпы ереже қатаң сақталуы тиіс.

–  жемқорлыққа байланысты  құқық  бұзушылық  оқиғасы белгілі болған жағдайда дереу «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің  директорына  хабарлануы  тиіс.

  1. «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде осы аталған жемқорлыққа қарсы стандартты сақтамаған  жағдайда  азаматтық қызметкер жауапқа  тартылады, тәртіпті сақтамағаны үшін айыптау шаралары  қолданылады.

 

 

Егер Сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, бізде сенім телефоны жұмыс істейді: 8  (71431) 39287