«Бекітемін» «Рудныйдың ОКЖ» ММ директоры _____________ АлександренкоЛ.А. «Рудныйдың ОКЖ» ММ Рудный қаласының құрылғанына 65-жыл толуына орай «Оқитын рудныйлық», Өлкетану жобасы Мақсаты – туған қалаға деген сүйіспеншілік және отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, халық арасында әдеби өлкетану мен мәдени мұраны насихаттау, Рудный қаласының тарихи оқиғалары, ескерткіш орындары, нысандары мен көрнекті адамдары
Category Archives: Жаңалықтар
Орталық қалалық кітапхана «Тақырыпқа кітаптар» атты онлайн-жобаны жалғастырады. Пайдаланушылардың назарына қазақ тіліндегі кітап «сынамалары» ұсынылады. Егер сізді осы әдебиет қызықтырса – сіздерді біздің кітапханамызда күтеміз.
2022 ж.16 мамырында Қашар кентінің №11 үлгілі кітапхана-филиалында кітап көрмесінің жанында әңгіме өтті, оған №1 орта мектептің жоғары сынып оқушылары (11 адам) қатысты. Мақсаты – оқушылардың отбасы туралы түсініктерін дамыту, отбасына, ата- анасына құрмет көрсету; отбасының өмірлік идеалы және отбасылық құндылықтар, отбасылық дәстүрлер туралы түсініктерді қалыптастыру.
Соғыс туралы «Жүрекке қымбат соғыс туралы кітап» кітабымен кездесу 5 мамыр күні Қашар кентінің № 11 кітапхана-филиалымен № 1 орта мектепте орта жаста оқушыларына үшін «Соғыс туралы кітап оқы!» жыл сайынға патриоттық акциясының аяқталуы аясында өткізіді. Мақсаты-Ұлы Отан соғысы туралы балалар әдебиеті шығармаларының кейіпкерлері мысалында балаларда азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу.
«Жауынгер бол! Аты-баты! Будь солдатом!» конкурстық – танымдық бағдарламаны Отан қорғаушылар күніне орай, патриоттық тәрбие аясында «Тинейджер» балалар клубымен бірлесіп, 2022 жылдың 5 мамырында спорт алаңында № 11 үлгілі кітапхана-филиал ұйымдастырды. Клуб мүшелері, жетекшісі (барлығы 24 адам) қатысты. Мақсаты – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру, азаматтық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
4 мамырда № 8 кітапхана-филиалында «Балаларға соғыс туралы оқимыз» халықаралық патриоттық акциясы өткізілді, оған №10 мектеп-гимназиясының 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басында жүргізуші оқушыларды акцияның пайда болу тарихымен таныстырды, мақсаты мен міндеттері, оны өткізу дәстүрлері туралы айтып, акцияның эмблемасын көрсетті.
27 және 28 сәуірде Қашар кентінің №11 үлгілі кітапхана-филиалында № 2 орта мектебінің 2 сынып оқушыларына арналды. Мақсаты – кітап пен оқуға деген тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту, кітапханадағы мінез-құлық ережелері мен кітапты пайдалану ережелерін бекіту.
Қазақ халқы күй өнерін ерекше кие тұтып, күйшісін айрықша қастерлеген. Күй өнері – тарихтың өткені мен бүгіні. Күйдің өз тыңдаушысы, оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер қауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде.
Дүние жүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 20 сәуірде № 8 кітапхана- филиалы «Бізге оқуға келіңіз!» Акциясын өткізді Оны өткізу барысында кітапханаға іргелес аумақта кітапханалық буккроссинг ұйымдастырылды, онда қала тұрғындарына кітапхана қызметі туралы флаерлер, сондай-ақ кітаптар мен журналдар таратылды.
Әңгіме-талқылау «Валентина Осееваның сиқырлы сөзі», Қашар кентінің № 11 үлгілі кітапхана-филиалы ұйымдастырған балалар жазушысы, ақын және педагог В. Осееваның өмірі мен шығармашылығына арналған шара 19 сәуір күні №1 ОМ 2 «А» сынып оқушылары үшін өтті. Іс-шараның мақсаты-балаларды В.Осееваның шығармашылығымен таныстыру; оларды әдептілікке, дұрыс мінез-құлыққа үйрету.