Абай мұрасы-халық қазынасы

2023 жылдың 10 тамызында Орталық қалалық кітапханада Абай күніне арналған “Абай мұрасы-халық қазынасы” әдеби караоке мерекелік іс-шарасы өтті.

Бұл күні Орталық қалалық кітапхананың кіреберісінде кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылып, Абайдың өлеңдері мен әндері шырқалды.

 Іс-шараны “Рудный ОКЖ” ММ директоры Лариса Александренко салтанатты түрде ашып, барлық қатысушыларды Абай күнімен құттықтады. Жүргізуші Қарасын Бақаева қазақтың көрнекті ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Іс-шарада №15 мектептің 11 сынып оқушысы Қабжан Армангүл, №19 мектептің 3 сынып оқушысы Әулиеков Ұлмұхамметтің, М.Дулатов атындағы №15 мектептің балалар жанындағы лагерінің “Балдәурен” балаларының орындауындағы өлеңдер оқылып, “Жадыра”музыкалық ансамблінің орындауындағы Абай әндері шырқалды. Іс-шараға ең белсенді қатысқан Іс-шараның құрметті қонақтары Рудный қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сәкен Көкішев болды, ол іс-шараға ең белсенді қатысып, әнді өз сүйемелдеуімен орындады және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Мырзабаева.

Қала ақындары, ақсақалдар Қабдолла ата, Жақсылық ата, Жаңбыршы ағай, “Кезесу” клубының мүшелері және №21 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Динара Сыздықова құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті. Қорытындылай келе, барлық қатысушылар Абайдың “Көзімнің қарасы”деген сөзіне хормен ән шырқады Іс-шараға ақындар, “Белсенді ұзақ өмір” клубының өкілдері, оқырмандар, студенттер мен оқушылар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика