2020 жылғы қараша айының мерейгерлері

28  қараша

Кутовой Руслан Иванович

Туғанына 95 жыл

 

    Руслан Иванович Кутовой 1925 жылдың 28 қарашасында дүниеге келді. 1941 жылғы қаңтардан бастап 1944 жылға дейін ол оккупацияланған аумақта болды. 1944 жылғы ақпанда Қызыл Әскер қатарына шақырылды,  567 атқыштар полкінде байланысшы болды. Руслан Иванович I және II Белорус майдандарында Батыс Украина мен Польшаны азат ету бойынша ұрыс әрекеттерінде қатысты. Одер өзенінен соғысып өту кезінде ол ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт госпиталда емделді. Сондай ақ ол Ковель және Варшава қалаларын азат етті, Буго-Гарв плацдармында соғысты. Содан соң Гдынь қаласының маңында гитлер әскерлерін жоюда қатысты. 1946 жылы әскерден қайтып келді.

Руслан Иванович Кутовойдың келесі марапаттары бар: I және II дәрежелі Отан соғысы ордендері, «Ерлігі үшін», «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны  жеңгені үшін» медалдары. Соғыстан кейін ол жоғары білім алды, қара металлургияда түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Руслан Иванович Кутовой 2005 жылғы шілде айында қайтыс болды.

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика