14 наурыз
Писарева Зоя Степановна
Туғанына 85 жыл
1952 жылы Зоя Степановна Викторовск орта мектебін тәмамдап, Магнитогорск мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсті. 1956 жылы институтты бітірген соң оны Александровск орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы етіп жіберді, көп ұзамай Алеексеевск орта мектебінің директоры болып тағайындалды.
1963 Алексеевк ауылы Рудный қаласы әкімшілігінің қарамағына берілді. Дәл осы кезде № 14 орта мектеп салынып жатқан еді, педагогикалық ұжым Зоя Степановнаға сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы қызметін ұсынды, ал 1973 жылы ол мектеп директоры болып тағайындалды.Писарева Зоя Степановнаның бастамасымен № 14 мектеп карбышев бағытына бет бұрды: Д. М. Карбышев мұражайы ашылып, оның өмірі мен қызметі жайында материалдар жинақталды, мектепке Д. М. Карбышев есімі берілді, оқу орынының ауласына Карбышев бюсті қойылды, кадет сыныптары пайда болды. Зейнетке шықса да орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруді жалғастырды, мұражай жұмысын ұйымдастыруға көмектесті.
Ұзақ жылдардағы еңбегі үшін «РСФСР халық ағарту ісінің үздігі», «СССР ағартушылық ісінің үздігі», Еңбек Қызыл Ту ордені, «Ресей инженерлік әскеріне үш жүз он жыл» медалі, «Кеңес одағының маршалы Г. К. Жуков» медалі, Ресей қорғаныс министрінің әскери инженерінің құрмет қағазымен, «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі табыстары және «Юные карбышевцы» қозғалысын дамытқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. 2013 жылы Зоя Степановна Писарева дүниеден өтті.