2020 жылғы сәуір айының мерейгерлері

22  сәуір

Суймеков Досмагул Еслямулы

Туғанына 85 жыл

 

Суймеков Досмагул Еслямулы – КазССР  халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан білім беру саласының құрметті азаматы, еңбек ардагері, Рудный қаласының құрметті азаматы. Оның еңбек жолындағы маңызды жұмыс орыны – Мендіқара педучилищесі, қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі. Бұл жерде ол 37 жыл жұмыс істеді, оның ширек ғасыры  – аталмыш оқу орынының басшылық қызметі.

Досмагул Еслямулы республикамыздың кәсіби білім беру саласына үлкен еңбек  сіңірді. Ол өзінің барлық өмірін колледжге арнады. Оның басшылығымен  студенттерге арналған  жатақхана  салынды. Колледжге ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің  атағы берілді, Рудныйдағы  оқу корпусына  көшірілгенге дейін  Меңдіқараның қазақ педучелищесі  мектеп базасында құрылған еді, революцияға дейінгі тарихы Ыбырай Алтынсариннен бастау алған орыс-қырғыз училищесі болды. Меңдіқарадан қоныс аударған   педучилище ағартушының идеяларын енгізуді  тоқтатқан жоқ.

Досмагул Еслямулы Суймеков  2017 жылы қайтыс болды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика