2020 жылғы тамыз айының мерейгерлері

тамыз

Гаранин Иван Иванович

Туғанына 75 жыл

 

    Гаранин Иван Иванович Қостанай облысы Соколова кентінде  1945 жылы дүниеге келді.Спортшы, шаңғы тебуден СССР  спорт шебері, Қысқы Олимпиада ойындарның екі дүркін қола жүлдегері  (Инсбрук, Австрия, 1976), 5 дүркін СССР чемпионы, көп дүркін халықаралық және Бүкіл одақтық шаңғы жарысы бойынша жүлдегері.

Екі рет Олимпиада ойындарының қатысушысы. Алғаш рет –  1972 жылы., 50 шақырым қашықтықта 17-орын. 1974 жылы әлем чемпионатында бірінші этапта жеңіске жетіп,2-орынды жеңіп алды. Швецияда өткен «Васалоппет» ханшайымдық шаңғы жарысының чемпионы және күміс жүлдегері. 1975  жылы маусымдық қорытынды бойынша әлемнің үздік жарысшысы-ең жоғарғы рейтингі болып табылды.Одан өзге  Иван Иванович атақты «Марчелонга» жарысының (Италия) қатысушысы, СССР супермарафондарын айтпағанда Германия, Финляндияда өткен ұзақ қашықтықтағы жарыстардың бірнеше рет жеңімпазы.

20 жылдан астам Рудный қаласы шаңғы спорты ардагерлер клубының көшбасшысы.Спортты дамытудағы еңбегі үшін «Парасат», «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Иван Гараниннің жүлдесіне арналған жарыстар өткізілетін Рудный қаласының құрметті азаматы болып табылады.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика