21 қыркүйек
Турдахунов Мұхамеджан Мамаджанұлы
65 жас
1955 жылы 21 қыркүйекте Қырғыз ССР Рыбачье қаласында дүниеге келді. 1990 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша, 2002 жылы Рудный индустриалды институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. Техника ғылымдарының кандидаты (2007).
1995 жылдан – Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры (Павлодар облысы). 1996 жылдан бастап – «Химфарм» ААҚ бас директоры (Шымкент). 1997 жылдан бастап – «СГСПО» АҚ-ның бірінші вице-президенті – бас менеджері (Рудный қ.). 1999 жылдан бастап – «ССКӨБ» АҚ президенті. 2008 жылдан бастап 2014 жылғы желтоқсанға дейін – «ССКӨБ» АҚ Басқарма төрағасы – Президенті.
Мұхамеджан Мамаджанұлы – Қостанай облыстық мәслихатының депутаты (2003 жылдан бастап), Қостанай облыстық меценаттар клубының мүшесі (2003 жылдан бастап), облыстық хоккей федерациясының президенті (2005 жылдан). 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «ССКӨБ» АҚ облыстық филиалының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП, республикалық саяси кеңестің мүшесі.