2020 жылғы қыркүйек айының мерейгерлері

21 қыркүйек

 Турдахунов Мұхамеджан Мамаджанұлы

 65 жас

 

1955 жылы 21 қыркүйекте Қырғыз ССР Рыбачье қаласында дүниеге келді.  1990 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша, 2002 жылы Рудный индустриалды институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.  Техника ғылымдарының кандидаты (2007).

1995 жылдан – Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры (Павлодар облысы).  1996 жылдан бастап – «Химфарм» ААҚ бас директоры (Шымкент).  1997 жылдан бастап – «СГСПО» АҚ-ның бірінші вице-президенті – бас менеджері (Рудный қ.).  1999 жылдан бастап – «ССКӨБ» АҚ президенті.  2008 жылдан бастап 2014 жылғы желтоқсанға дейін – «ССКӨБ» АҚ Басқарма төрағасы – Президенті.

Мұхамеджан Мамаджанұлы – Қостанай облыстық мәслихатының депутаты (2003 жылдан бастап), Қостанай облыстық меценаттар клубының мүшесі (2003 жылдан бастап), облыстық хоккей федерациясының президенті (2005 жылдан).  2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «ССКӨБ» АҚ облыстық филиалының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП, республикалық саяси кеңестің мүшесі.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика