2020 жылғы желтоқсан айының мерейгерлері

Алла Гирик

Туғанына 55 жыл

    Алла Гирик 1965 жылы Рудный қаласында дүниеге келді. 1987 жылы  инженер-электромеханик мамандығы бойынша РИИ бітірді. Бөлуі бойынша Зыряновқа кетті, онда екі жыл жұмыс істеді. Оның шығармашылық өмірбаяны сонда басталды. Алғашқы өлеңдері 1988 жылы Зыряновта «Заря Востока» газетінде жарық көрді. Сонан соң Алла Рудныйға оралды. Химталшықтары зауытында байланыс электржөндеушісі болып жұмыс істеді және шығармашылықпен айналысты.

Алла Гирик, әріптесі Оксана Шаталовамен бірге, «Улица Ленина» атауымен арт-топ ұйымдастырды. Фото, бейне, инсталляция жанрларында жұмыс жасады. 2000 жылдан бастап  қазақстандық журналдар мен Алматыдағы Сорос Заманауи өнер орталығы басылымдарында өнер туралы мәтіндерін шығарды.

1997 ден 2001 жыл аралығында әдеби-көркемдік «Пигмалион» журналын басып шығарды. 2001 жылдың қыркүйегінде «Пейзаждағы пейзаж» («Трасс-авангард тәжірибелері») ландшафттық инсталляциясын жасады, ол Қостанай – Рудный жолында қойылды. 2002 жылы желтоқсанда болған кураторлық жоба  – «Калорийное искусство» eat-art-көрме авторы болды. 2004 жылдың қазанында Алла Гирик Алматыдағы орталық азия «Бейнесәйкестік: Орталық Азияның қасиетті орындары»  бейнеарт фестиваліне, ал 2005 жылдың қыркүйегінде – Афиналық Цифрлық мәдениет «Захватывая Утопию»  цифрлық өнер көрмесіне қатысты.

Бірнеше рет өз жұмыстарын шетелде – Венеция, Жирон, Бишкекте көрсетті. 2006 жылы итальян қаласы Брешиада Биенналеде (заманауи өнер көрмесі) павильондардың бірінде Алла Гирик және Оксана Шаталованың жұмыстарының көрмесі ашылды. Биеннале әйелдер фотосуреттеріне арналды және 1850 жылдан бастап фотосуретші әйелдердің жұмыстары да енді. Алла Гирик өте ерте, 2006 жылы 41 жасында қайтыс болды.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика