2021 ж. қыркүйек мерейгерлері

3 қыркүйек

Владимир Владимирович Белич

туғанына 95 жыл

    Қолөнер училищесін бітірген соң ол ұста – монтажшы мамандығын алды және Ворошиловград облысына «Союзпроммонтаж» трестінің № 18 басқармасына, әрі қарай Челябі-40 жұмысқа жіберілді.

Рудный қаласына Владимир Владимирович 1957 жылдың мамырында келді. «Востокметаллургмонтаж» тресінің монтаждау басқармасында, кейіннен «Казмеханомонтаж» ұста-монтажшылардың бригадирі болып жұмыс істеді. Белич бригадасы адымдағыш экскаваторларды монтаждаумен, фабрика салумен және Қостанай облысы бойынша көптеген басқа да объектілерді салумен айналысты. Ол тамаша қызметкер, ұйымдастырушы ғана емес, сондай-ақ жақсы тәлімгер, жас ұрпаққа тәжірибе мен білім берді.

Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін Владимир Владимирович Белич Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, 1971 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. 1974 жылдың 8 қаңтарында оған Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырумен Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы берілді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика