2021 жылғы қарашаның мерейгерлері

12 қараша

Буланова Татьяна Анатольевна

65 жас

Татьяна Анатольевна Буланова Украинада дүниеге келген, 1964 жылдан бастап Рудный қаласында. Қалалық радиода тілші болып істеді, «Магнетит» газетінде оның негізі қаланған күннен бастап тілші, 1987 жылдан бастап – тілші, жауапты хатшы, редактор. Ол осы газет беттерінде жергілікті авторлар жарық көрген «Под зеленым абажуром» әдеби шығармашылық парақты жүргізді. «Магнетите» ол 29 жыл жұмыс істеді.

Татьяна Буланова рудныйлықтарға тек журналист ретінде ғана емес, ақын, фотосуретші ретінде де танымал. Одан бөлек, ол өзін шығармашылық тұрғыдан үнемі жетілдіріп қана қоймай, басқаларға шығармашылық қабілетін табуға және дамытуға көмектесетін адам ретінде көрсетті. Татьяна Анатольевна комбинаттың 40-жылдығына арналған «Просветление души»  (1994 ж.), «Объяснение в любви» (1998 ж.), «Новый день» (2007 ж.), «Город 111500» (2012 ж.)  ұжымдық поэтикалық жинақтарын дайындау мен басып шығаруға құрастырушы және автор ретінде белсенді қатысты.

2010 жылы Татьяна Анатольевна «Нұр Отан» партиясы жариялаған және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Елім деп соққан жүрегім» жалпы республикалық шығармашылық байқауында екінші орын алды. 2015 жылы  ERG компаниясы мен Қазақстан Жазушылар Одағының «Шеберлер елі» шығармашылық жобасының « Нұрлы Жол: Еңбек. Бірлік. Өркендеу.» байқауында диплом және сыйлық иегері болды.

Татьяна Буланова – қалалық және аймақтық шығармашылық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. «Рудненский рабочий», «Костанайские новости», « Костанайский вестник», «Руда» (Качканар қаласы – Ресей), «Экспресс-К», «Евразийский курьер» газеттерінің, «Нива», «Простор», «Золотой век» республикалық журналдарының, «Золотая строфа» интернет-сайтының және басқа да басылымдардың беттерінде үнемі өлеңдер мен прозалармен жарияланып тұрды.

Тынымсыз тіршілік қарбаласымен жүріп Татьяна Анатольевна, көпшілігіміз үшін таныс және көрінбейтін, өзінің туған жерінің сұлулығына таңданудан жалықпайды. Оның өлеңдері – оның айналасындағы әлемге деген көзқарасы, бұл оның жаны.

Татьяна Буланованың шығармалары «Қазақстанның інжу поэзиясы» Республикалық альманахына, Қостанай облысының әдеби хрестоматиясына, Еуразиялық Топтың «Ерлік пен даңқ жолымен» мерейтойлық кітабына енді.

«Магнетит» газетінде көп жылғы адал және шығармашылық еңбегі үшін Татьяна Анатольевна Буланова «ССКӨБ ардагері» атағына ие болды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика