23 наурыз
Надеждин Александр Михайлович
туғанына 90 жыл
Александр Михайлович Надеждин Қытай халық республикасының Харбин қаласында 1931 жылдың 23 наурызында дүниеге келді. Окончил Харбин политехникалық институтын бітірді, Харбинде КСРО азаматтарының қоғамы зауытында инженер-конструктор болып жұмыс істеді. Қазақстанға көшкеннен соң 1954 – 1955 жж. ол Қостанай автожөндеу зауытында инженер-конструктор болып, содан соң механикалық зауыттың инженер-конструкторы болды. Көп ұзамай ол бас технолог мамандығын, ал содан соң осы зауытта инженер мамандығын алды. 1957 – 1959 жылдар арасында Александр Михайлович Қостанай автотрестінің бастығы болып жұмыс істеді.
Сонан соң Рудныйға көшіп келді және «Востокметаллургмонтаж» трестінің Рудный монтаж басқармасының шебері болып тағайындалды, өнеркәсіптік және тұрғын үй-азаматтық кешендерде монтаждау жұмыстарына басшылық етті. 1963 – 1966 жж. Александр Михайлович Рудный монтаждау басқармасының бас инженері, содан соң зейнеткерлікке шыққанға дейін «Соколоврудстрой» тресі бас инженерінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол Кен дайындау кешенінің құрылысына қатысты: ірі және орташа ұсақтау, бітеу, магнитті дымқыл айыру фабрикаларын құруда қатысты.
Александр Михайлович Надеждин «Үздік құрылысшы» белгісімен және басқа марапаттармен марапатталды.