2021 жылғы сәуір айының мерейгерлері

23 сәуір

Усов Федор Михайлович

туғанына 95 жыл

 

Федор Михайлович Усов 1926 жылдың 23 сәуірде Смоленск облысында дүниеге келді. Свердлов политехникалық институтын бітірді. Еңбек жолын ол № 1 көмір кенішінде механик болып бастады, содан кейін Челябі облысының Коркино қаласындағы № 2 кеніштің бастығы болып істеді. 1959 жылдан ССКӨБ-да Сарыбай кенішінің бастығы болып жұмыс істеді.

1962 жылы Федор Михайлович Қазақстан Компартиясының Рудный қалалық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1968 жылы Лисаков КБК құрылысының басталуымен ол комбинат директорының орынбасары болып тағайындалды. Содан кейін ол көмір өнеркәсібі министрлігінің қарамағына шақырылып, «Красноярск көмір» басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1976 жылы ол зейнетке шықты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика