2021 жылдың шілде айының мерейгерлері

4 шілде

Корнев Василий Евсеевич

туғанына 80 жыл

 

Василий Евсеевич Корнев 1941 жылы 4 шілдеде дүниеге келді. 1958 жылы Семейде техникалық оқу орнын бітірді училище, онда теплоход мотористі болып кеме жөндейтін зауытта жұмыс істеді, ал 1963 жылы Рудный қаласына келді және комбинатта жөндеу зауытының ұстасы болып істеді. Карпат маңындағы әскери округте әскери борышын өтеді және тағы да кәсіпорынға ұста болып қайта келді. Содан соң оны цех бастығының орынбасары, бастық, комбинаттың партия комитетінің хатшысы етіп тағайындады.

1985 жылдың 5 наурызында қалалық Халық депутаттары кеңесінің 19-шы шақыруының бірінші сессиясында Василий Евсеевич Корневті Рудный қалалық атқару комитетінің төрағасы етіп сайлады. Бұл қызметте ол  1987 жылға дейін істеді. 1989 – 1993 жылдары ол Қазақ КСР және Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің депутаты болды.

Василий Евсеевич Корнев – Рудный және Қостанай қалаларының Құрметті азаматы, экономика ғылымдарының кандидаты, 1996 жылы Ресей Федерациясы президентіне қарасты Мемлекеттік қызмет Академиясын «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша бітірді. Мемлекеттік қызметтегі соңғы лауазымы – Қостанай облысы әкімінің энергетика және құрылыс жөніндегі орынбасары. Соңғы жылдары Василий Евсеевич көмір және мұнай салаларында жұмыс істеді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика