2022 ж. мерейгерлері

18 сәуір

Шерстобитова Татьяна Николаевна

70 жыл

Шерстобитова Татьяна Николаевна – ССКӨБ қызметкерлері кәсіподағының және «Казпрофметалл» кәсіподағы» ҚБ тектес кәсіпорындарының Кәсіподақ Ұйымының Төрайымы. Татьяна Николаевна кәсіби кәсіподақ қызметімен 1987 жылдың сәуір айынан айналысады. Татьяна Николаевна Шерстобитованың жемісті жұмысы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік, салалық және кәсіподақ марапаттарымен, сондай-ақ халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерімен атап өтілді.

«Рудный қаласының Құрметті азаматы», «ССКӨБ» АҚ ардагері, «Ажар» Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық тану ұлттық сыйлығының «Саясат» номинациясы бойынша лауреаты болып табылады.

Оның кәсіподақ көшбасшысы ретіндегі жоғары кәсібилігі, жұмыстағы дәйектілік пен принциптілік ұйымның тиімді қызметін, бірлестіктегі әлеуметтік әріптестіктің сапалы дамуын қамтамасыз етеді, бұл ретте көптеген әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлердің денсаулығын нығайту, жастар бастамаларын ұйымдастыру және қолдау, кәсіпорындар ардагерлеріне қамқорлық жасау және ұжымда тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері өз бетінше және жұмыс берушімен бірлесіп әзірленеді және шешіледі.

Татьяна Николаевна бірнеше рет Қостанай облысы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика