2022 ж. мерейгерлері

17 тамыз

Асатов Болатай Каримович

туғанына 80 жыл

(1942-2020)

Болатай Каримович Асатов 1942 жылы 17 тамызда в Қарасуу ауданында дүниеге келген. Б. К. Асатовтың жеке тұлғасының қалыптасуының, кәсіби, саяси және азаматтық өсуінің таңғажайып жолы Рудный жерінде өтті.

«Соколоврудстрой» тресінде жұмысшы, бригадир, прораб болып жұмыс істеді. Одан кейін – Қазақстан  Республикасы Өнеркәсіп министрінің орынбасары.

Саясаткердің мансабы мынадай болды: комсомол ұйымының хатшысынан бастап Қазақстан Компартиясы Рудный қалалық комитетінің бірінші хатшысына және Қазақстан Парламенті Сенатының депутатына дейін.

Қарасу ауданы «Бақан» с-зының механизаторы (1959 – 1960);

«Соколоврудстрой» тресінің жұмысшысы, арматуршысы, бригадир, шебер, прораб, комсомол комитетінің хатшысы, аға прорабы (1960-1971);

Кафедра меңгерушісі. Қазақстан КП Рудный қалалық комитетінің Құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі (1971 – 1973);

Халық депутаттары кеңесінің Рудный қалалық (1973 – 1977) және Қостанай облыстық (1990 – 1992) атқару комитеті төрағасының орынбасары;

Қазақстан КП Рудный қалалық комитетінің 2-ші 1-ші хатшысы (1977 – 1988);

Қостанай облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы (1988 – 1990);

Қостанай облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары (1992 – 1995);

Қостанай облысы әкімінің орынбасары (1995 – 1998);

ҚР сенаторы (1998 – 1999).

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика