2022 ж. мерейгерлері

1 тамыз

Вилков Николай Федорович

85 жас

Николай Федорович Вилков 1937 жылы 1 тамызда Ульяновск облысы Чириково ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Челябинск қаласындағы ФЗО мектебін бітіріп, тас қалаушы болып жұмыс істеді. 1956 жылы әскер қатарына шақырылды. 1960 жылы Рудный қаласына келіп, «Горжилстрой» ҚБ-на тас қалаушы болып жұмысқа қабылданады. «Соколоврудстрой» тресінің (қазіргі «Рудныйсоколовстрой» АҚ) атақты құрылысшылар ұжымын бастағандардың бірі. Содан кейін «СІМ» ЖШС-де жұмыс істеді.

«Еңбек озаты», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, көптеген белгілермен, дипломдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика