2023 ж. мерейгерлері

Рысева Евгения Михайловна

1 қыркүйек

(1938)

85 жас

Евгения Михайловна Рысева – романстар орындаушысы. Ән айтуды ерте балалық шақтан бастады. Тағдыры оңай болмады. Ленинградта С. М. Киров атындағы ормантехникалық академиясындағы  оқуы, содан кейін Мәскеу облысы, Клин қаласы, онда бөлгеннен кейін Женя жас маман ретінде түседі, сол жерде – кешкі саз мектебі. Сонда жас Женечка ән айтумен енді қызыға айналысты: көркем өнерпаздарға қатысуы, нығайған дауысты ажарлау, сиқырлы және еліктіретін музыка әлемінің құпиясына жетуге құмар тілек.

1963 жылдан бері Евгения Михайловна Рысева Рудныйда тұрады. Ол отыз үш жыл комбинаттың орталық зертханасында жұмыс істеді. Кәсіпқой, химик-талдаушы, Евгения Михайловна, әріптестерінің пікірі бойынша, тамаша маман, мейірімді адам.

Сонау 1967 жылы республикалық көркемөнерпаздар байқауында Евгения Михайловна өзінің әншілік таланты үшін ІІІ дәрежелі диплом алды. Әнді үрмелі аспаптар оркестрімен орындау бақыты бұйырды, сол кезде жетекшісі А. И. Кашинцев еді. Жаңа кездесу, танысу. Жағымды естеліктер…

1974 жылы Евгения Михайловна шығармашылық көкжиегінен жоғалады. Баспамен ауыруы, дәлірек айтқанда, фарингит ауруы, бүкіл қалған өмірінде әндерді орындауға болмайтын қатал үкім шығарылды. 1977 жылы – ұлының туылуы. Жаңа сезім, машақат… Бірақ 1984 жылы Евгения Михайловна қайтадан әндете бастады.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика