2023 ж. мерейгерлері

Горгуленко Олег Иванович

2 наурыз

(1963-1985)

туғанына 60 жыл

Олег Иванович Горгуленко Рудный қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Рудный қаласындағы № 13 орта мектептің 8 сыныбын бітіріп, сол жылы индустриалды техникумға түсіп, 1983 жылы бітірді. Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатында слесарь болып жұмыс істеді. 1984 жылы 27 сәуірде Рудный қалалық әскери комитетімен Қарулы Күштерге шақырылды. Ауғанстанда 2091 әскери бөлімінде әскери борышын өтеді. Ауғанстан Республикасының халқына халықаралық көмек көрсете отырып, жауынгерлік операциялар мен рейдтерге қатысып, оның барысында өзін шебер, тәртіпті жауынгер ретінде көрсетті. Қатардағы жауынгер, шекара әскерлері  мотомангруппасының атқышы. 1985 жылдың 25 сәуірінде халықаралық борышын өтеу кезінде қайтыс болды. Ерлігі мен батылдығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін). 1985 жылы 6 мамырда Рудный қаласында жерленген.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика