2023 жылдың мерейгерлері

Чикунов Федор Мартемьянович

8 ақпан

(1918-2014)

туғанына 105 жыл

Федор Мартемьянович Чикунов – Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ол Мәскеу шайқасына, Смоленск облысын, Беларуссияны азат етуге қатысты. Сарбаздың әскери еңбегі көптеген марапаттарға ие болды. II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Батылдық үшін, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Ал еңбек кітапшасында бейбіт еңбегі көрініс тапты. Әр түрлі марапаттар туралы көптеген жазбалар бар: марапаттар, құрмет грамоталары, алғыс хаттар. 1964 жылы Федор Мартемьянович Рудный қаласына келді.

1964-1978 жылдары тау-кен теміржол көлігі басқармасында монтер СОБ, шебер, СОБ аға электромеханигі болып еңбек етті. Комбинаттың Құрмет кітабына енгізілген.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика