6 наурыз
Лариса Геннадьевна Дмитриева
60 жас
(1965)
Лариса Геннадьевна Дмитриева 1965 жылы 6 наурызда Таран ауданының Тобыл станциясында дүниеге келген. Балалық шағы Лисаков қаласында өтті, көркемөнер мектебінде оқыды, содан кейін К. А. Савицкий атындағы Пенза көркемөнер училищесіне сурет бөліміне түсті. 1989 жылдан бастап Лариса Геннадьевна Рудный қаласында тұрады және қазіргі уақытқа дейін балалар көркемөнер мектебінде жұмыс істейді.
Лариса Геннадьевна облыстық және қалалық көрмелерде белсенді қатысты:облыстық көрмесі (1993), Крупская атындағы кітапханадағы қалалық көрме (1994), қалалық «Қала шетінен көрініс» мұражайдағы көрме (2001), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған облыстық көрме (2001), Челябі қаласындағы облыстық көрме (2004).
Суретші жануарлардың, портреттердің, пейзаждардың бәрін сала алады. Лариса Дмитриеваның суреттері қабылдауға өте қолжетімді және түсінікті, ал олар жеткізетін сезімдер біршама таныс. Оларда күрделі философиялық ой жоқ, өйткені, суретшінің пікірінше, бізді қоршап тұрғанның бәрі философия.
Лариса Геннадьевна Дмитриеваға «Рудный қаласының шығармашылық жастар сыйлығының лауреаты» атағы берілді (1995), ол Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. 2002 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Лариса Геннадьевна «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі және ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.