8 ақпан
Михаил Яковлевич Веремеенко
туғанына 100 жыл
(1926-2018)

Михаил Яковлевич Веремеенко 1926 жылы 8 ақпанда Қостанай облысы Затобол ауданы Константиновка ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қазан айында Қостанай аудандық әскери комиссариатымен Қызыл Әскер қатарына шақырылды және Челябі облысының Чебаркуль қаласына әскери дайындықтан өтуге жіберілді, танкіге қарсы қаруды бағыттаушы мамандығын алды. 1-ші Украин майданында 69-шы мото-механикаландырылған дивизия құрамында шайқасты. Әскери атағы – сержант.
Михаил Яковлевич Сандомир плацдармындағы шайқастарға қатысып, Берлин мен Праганы азат етті. Жеңістен кейін оның бригадасы Австриияда орналасты. 1950 жылы демобилизацияланды.
Әскери қызметі үшін Михаил Яковлевич Веремеенко Қызыл Жұлдыз, 2-ші дәрежелі Отан соғысы Ордендерімен, «Берлинді алғаны үшін», «Праганы алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары, мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Бейбіт уақытта ол ССКӨБ-де – бухгалтер, жобалаушы, экскаватор машинисі болып жұмыс істеді.


Русский
English